Жұма, 20 ақпан, 20:20

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қаламгерге құрмет

19.02.2026

13

0

7c6b926c f637 44f9 9035 1a64755c1125

Сыр журналистикасының ардагері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Арал ауданының құрметті азаматы, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде, облыстық және аудандық басылымдарда қызмет атқарған қарымды қаламгер, бірнеше кітаптың авторы Еркін Әбіл биыл 75 жасқа келді. Мерейтой иесі Қызылорда облысының Құрмет грамотасын, Қазақстанның құрметті журналисі атағын иеленген.

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада ардагер қаламгермен кез­десу өтті. Кездесуді Қазақстан Жа­­зушылар одағының облыстағы өкілі, Халықаралық «Алаш» әдеби сый­лы­ғының иегері Қаршыға Есім­се­йітова жүргізді. Сондай-ақ ол ме­рейтой ие­сіне ҚЖО басқарма төрағасы Мереке Құлкеновтің құттықтауын та­быстап, иығына шапан жапты.

Қаламгердің әріптестері, Қазақ­стан­ның құрметті журналисі, «Сыр медиа» ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжәлі Ерімбетов, «Сыр медиа» ЖШС бас директоры Марат Аралбаев, бас директордың орынбасары Әзиз Батырбеков, облыстық «Сыр бойы» газетінің бас редакторы, Қазақстан Журналистер одағы об­лыстық фи­лиал төрағасы Қуат Ша­ра­бидинов, «Кызылординские вести» газетінің ардагер журналисі Жанна Балма­ғанбетова сөз сөйлеп, ме­рейтой иесіне игі тілектерін білдірді.

Тілек айтушылар Сыр журналис­тикасының ардагері, қаламы қарымды журналист Еркін Әбілдің мерзімді баспасөз бетінде қалдырған көп жыл­ғы қолтаңбасын, қай уақытта да тір­шіліктің түйткілді мәселелерін кө­те­руде табандылық таныта білгенін атап өтті.

Кештің қорытынды сәтінде ме­рей­той иесі Еркін Аққалиұлы қа­лам­­­дастарының сый-құрметіне ри­за­шы­лығын біл­діріп, іс-шараны ұйым­­дастырған облыстық кітапхана ұжы­мына  алғысын айтты.

Кездесу барысында мерзімді бас­пасөздің және кітаптың қоғамдағы орны, рухани танымды кеңейтуге пай­­дасы туралы сөз қозғалып, ой-пікір­лер ортаға салынды. «Теңізбен жаны егіз қаламгер» тақырыбында ұйым­дас­тырылған кітап көрмесі таныс­тырылды.

Іс-шараға ақын-жазушылар, жур­на­л­истер, кітапханашылар мен оқыр­мандар, №5547 әскери бөлімінің сар­баздары қатысты. 

Ғазиза ӘБІЛДА,

«Сыр бойы»

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика