Жексенбі, 13 сәуiр, 02:34

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Президент кеңесшісі жастармен кездесті

11.04.2025

48

0

Президент кеңесшісі жастармен кездесті
Фото: Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ғалымдары және білім алушыларымен кездесті.

Жиынға Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов, университеттің Басқарма төрағасы – ректоры Бейбіткүл Кәрімова, және аймағымыздағы жоғары оқу орындарының ректорлары, оқытушылары мен студенттері қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты – жастармен ашық диалог орнатып, олардың пікірін тыңдау, сондай-ақ еліміздегі жастар саясаты, білім беру саласындағы мүмкіндіктер және тұлғалық дамуға қатысты мәселелерді талқылау болды. Сондай-ақ, Президент кеңесшісі жастарды ынталандырып, олардың бойында адалдық, еңбекқорлық, ізденімпаздық сияқты қасиеттерді дамытуға үндеу жасады.

Кездесуде Мәлік Нұржанұлы Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда талқыланған маңызды мәселелерге тоқталып, қоғамдық бірлік пен әділетті Қазақстан құру жолындағы бастамаларды айта кетті. Жиында Президент кеңесшісі келер жылы Ұлттық құрылтайдың Қызылорда қаласында өтетінін және бұл шешім аймақтың тарихи-мәдени маңызын ескере отырып қабылданған шешім екендігін айтты.

Сонымен қатар, елімізде жастардың тұлғалық дамуына, білім алуына барынша жағдай жасалғанын атап өтті. Қазіргі бәсекелестік заманда жастардың нақты мақсаты болуы керегін, кітап оқитын, үздіксіз ізденетін, интеллектуал ұрпақ қана жарқын болашақты қалыптастыратынына тоқталды.

«Президент ел жастарының бойынан адалдық, еңбекқорлық және әділдік қасиеттер табылу қажет екенін үнемі айтып келеді. Әрбір адам «Адал азамат» деген атқа лайық болса, елімізде әділ қоғам орнайды. Осы тұрғыда сапалы білім алу үшін мемлекет тарапынан барлық қажетті жағдайлар жасалып жатыр. Мемлекет басшысы жастардың болашағына үнемі мән беріп отырады», – деді Мәлік Нұржанұлы.

Жастармен ашық диалог құрған кездесуде университеттің ғалымдары мен белсенді студенттері Мәлік Отарбаевқа сұрақтарын қойып, ой-пікірлерін ортаға салды.

Президент кеңесшісі жастармен кездесу 2.jpg

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика