Жұма, 09 мамыр, 16:09

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«Отаным – айбарым, ер – байрағым» атты салтанатты іс-шара өтті

07.05.2025

35

0

fb img 1746593483740

Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға Ұлы Отан соғысының ардагері, Сырдария аударының Құрметті азаматы, 103 жастағы Яхия Тасыров, тыл, Тәжік-Ауған соғысының ардагерлері, Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиев, аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, қоғамдық кеңес төрағасы Марат Еспенбетов, Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы Жасұлан Шанкулов, зиялы қауым өкілдері мен аудан тұрғындары қатысты.

Аудан басшысы жиналған қауымды мерекемен құттықтап, Отан алдындағы адал қызметтің маңыздылығын атап өтті.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Отан қорғау – қасиетті парыз әрі мәртебелі міндет. Бүгінде Қазақстанның шекарасын бүтіндеп, іргесін бекіттік. Біздің алдымызда тұрған маңызды міндет – осы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтап қалу» деп атап көрсетті. Тамыры терең тарихымызда жауынгер рухты, жасампаз бабаларымыз бар ғұмырын ат үстінде өткізіп, ел іргесін күзетті. Отан қорғаушылар мерекесі Ұлы Жеңіс күні қарсаңында аталып өтеді. Биыл Ұлы Жеңіске – 80 жыл. Осы жеңіс жолында қаншама қазақстандықтар ұрыс даласында шейіт болды. Елге оралған жауынгерлер еңбек майданында ерен еңбектің үлгісін көрсетті. Аға ұрпақ өздеріне жүктелген істі абыроймен орындады. Бүгінде ортамызда Ұлы Отан соғысының ардагері, Сырдария ауданының Құрметі азаматы, 103 жастағы Яхия Тасыров зор құрметке бөленіп келеді. Бізге бейбіт өмір сыйлаған аға буынға – өлшеусіз қарыздармыз. Отан қорғаушылар күнімен баршаңызды құттықтай отырып, Сіздерге мықты денсаулық, бақыт пен татулық, әрбір шаңыраққа береке тілеймін, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Аудан әкімі бірқатар тыл ардагердерін «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік награсымен және Алғыс хатпен марапаттап, сый-құрмет көрсетті. Сонымен қатар, бірқатар әскери қызметкерлер, қорғаныс саласында және аудан дамуна еңбек етіп жүрген азаматтар аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, подполковник Жасұлан Шанкулов Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыровқа ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың арнайы құттықтауы мен мерекелік сыйлығын табыс етті.

Мерекелік жиын аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты. Облысқа, ауданға танымал әншілер рухты әндер шырқап, жас өрендер әскери-патриоттық қойылымдарын ұсынды.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика