Сейсенбі, 07 қаңтар, 02:34

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«Ортақшыл» ауылына «көгілдір отын» келді

04.01.2025

83

0

Ортақшылға газ келді1
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Шиелі ауданының «Ортақшыл» ауылын газ желісіне қосу рәсімі өтті. Рәсімге Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, Мұрат Әбенов, жауапты сала басшылары, қоғам қайраткерлері мен ауыл тұрғындары қатысты.

Аймақ басшысы ортақшылдықтарды ауылға газ келу қуанышымен құттықтады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Ұлттық құрылтайда «Үкімет газ тартылған елді мекендердің санын барынша арттыруға және 1700 шақырым газ желісін жаңғыртуға тиіс. Бұл 300 мыңнан астам адамды «көгілдір отынмен» қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — деп атап өткен болатын. Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауының арқасында аймағымызда ауқымды жобалар қолға алынды, байыпты бастамалар іске асып халық игілігіне айналды. Өткен жылдың қорытындысымен өңіріміз барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіш бойынша республикада алдыңғы қатарға орнықты.

Облыс бюджеті 750 млрд.теңгеден асты, осыдан екі жарым жыл бұрын 364 млрд. теңге болатын. Өсім 206 пайызды құрады. Бұл ауқымды қаражат аймақтағы ең өзекті деген мәселелерді шешуге, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға жұмсалуда.

Соңғы үш жылда Шиелі ауданына 159 млрд. 500 млн. теңгеден астам инвестиция тартылды. 2023 жылы аудан бюджеті 16 млрд. 500 млн. теңге болса, 2024 жылы 18 млрд. 800 млн. теңгеге жетіп, 12,4 пайызға өсім алды. Өткен жылдан бері 5 млрд. 953 млн. теңгеге 25 жоба жүзеге асырылуда.

Кейінгі үш жылда 1 млрд. 262 млн.теңгеге ауыз су желілері жаңартылып, аудан халқының 99,9 пайызы таза ауыз сумен қамтылды. «Ақтам», «Ызалы» елді мекендеріне су желісі тартылғаннан кейін бұл көрсеткіш 100 пайызға жетеді. Бүгінде «Еңбекші», «Жиделіарық», «Бестам», Әбділда Тәжібаев, «Алмалы» және Досбол датқа елді мекендерін газдандыру жобасы толық аяқталды.

Бұдан бөлек, ауданның Сыр беткейіндегі жұртшылықты «көгілдір отынға» қосу үшін 1 млрд. 165 млн. теңгеге Мұстафа Шоқай автоматтандырылған газ тарату стансасының құрылысы басталды.

Елдің дамуы ауылдың гүлденуінен басталады.

Ауылдың дамуы, келешегінің зор болуы – бекем бірлігіміз бен тату тірлігімізге байланысты. Бүгінгі қуаныш барша отбасының бақыты мен шаттығын еселесін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Туған жеріміз Сыр өңірі қарыштап дами бергей!”,-деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Іс-шарада Парламент Мәжілісінің депутаты Мархабат Жайымбетов жиналған жұртшылықты құттықтады, ел ағасы Қорғанбек Қайруллаев батасын берді.

Ауылдың өсіп-өркендеуі жолында қажырлы қызмет еткен сала мамандары мен ардагерлерге облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды.

ortaqshylgha gaz keldi2
ortaqshylgha gaz keldi

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика