Сәрсенбі, 18 наурыз, 17:43

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы тағайындалды

18.03.2026

6

0

sabit ibadwlla
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен кадрлық өзгерістерге байланысты жиналыс өтті. Онда аймақ басшысы жаңадан тағайындалған облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Ибадулла Сабит Ибадуллаұлын таныстырды, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Сабит Ибадуллаұлы 1986 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Информатика», Қарағанды экономикалық университетінде «Экономика» мамандықтары бойынша білім алған. Педагогика ғылымдарының магистрі, техника ғылымдарының кандидаты.

«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша PhD докторы.

Әр жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде бағдарламашы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2018- 2024 жылдары облыс әкімдігі жанындағы ақпараттық технологиялар орталығының директоры, облыс әкімі аппаратының цифрлық технологиялар бөлімінің басшысы лауазымдарында еңбек еткен. 2025 жылдан бүгінгі күнге дейін облыстық полиция департаменті бастығының цифрландыру саласына жетекшілік жасайтын орынбасары қызметін абыроймен атқарып келді.

Облыс әкімі жаңа басшыға маңызды міндеттер жүктеді. Атап айтқанда, жасанды интеллект саласындағы мемлекеттік саясатты тиімді іске асыруды, инвестиция тарту жүйесін және ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобаларды әзірлеуді, іске асыру тетіктерін жетілдіруді міндеттеді. Сонымен қатар ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік бақылауды күшейтуді, өңірде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруды, оған қолжетімділікті қамтамасыз етуді тапсырды.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика