Аймақтағы шағын және орта кәсіпорындарында «Даму» Қоры жыл басынан бері 1 508 жобаға қолдау білдірді. Бұл туралы БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры барысында белгілі болды.
Баспасөз турында тілшілер барған келесі нысан «Жан-Арай» компаниясы. Онда жарма өндіру, майлы және жемшөп дақылдарын өсіру, жүзім, анар және сүйекті жемістер өсірумен айналысады. Шығаратын өнімдер қатарына күріш, түйіршіктелген құрама жем және жемістер жатады.
«2015 жылы компания тәулігіне 80 тонна құрама жем шығаратын зауыт пен сағатына 12 тонна күріш өңдейтін зауыттың жұмысын бастады. Барлық қажетті жабдықтар Германиядан жеткізілді.Қызылорда қаласындағы «Жан-Арай» кешенінің құрамына күріш өңдеу зауыты мен құрама жем шығаратын кәсіпорын, көтерме-тарату орталығы, қоймалар, 300 орындық мейрамхана, қонақ үй және басқа да нысандар кіреді. «Жан-Арай» компаниясы бақшаларды тамшылатып суару арқылы өсіреді және оларды бірнеше есе көбейтуді жоспарлап отыр.Компанияда «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолының бойында орналасқан «Жан-Арай» көпсалалы агроиндустриялық кешені бар. Кешеннің аумағы кең, оған қонақ үй, 1500 тонналық көкөніс қоймасы, 300 орындық мейрамхана, алма бағы, қойма және шипажай кіреді, — деді “Жан-Арай” ЖШС директорының орынбасары Мұрат Айменов.
Шикізатқа айналым қаражатын толықтыру мақсатында компания «Қазақстан Халық банкі» АҚ-нан несие алды, бұл ретте пайыздық мөлшерлемені «Даму» Қоры субсидиялады.
Дереккөз: Kyzylorda-news.kz