Ертең, яғни 31 мамыр күні Титов қыстағында (Ә.Қашаубаев және Жетікөл көшелерінің қиылысында) «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының және оның серіктестерінің ұйымдастыруымен кезекті жәрмеңке өтеді.
Жәрмеңке сағат 09:00-ден басталады. Онда өңірлік тұрақтандыру қорынан алынған әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер және корпорация серіктестерінің тауарлары төмен бағада сатылатын болады.
Айта кетейік, бұл маусымның соңғы жәрмеңкесі. Жаңа маусымның жәрмеңкесі биылғы жылдың күз айында қайтадан басталатын болады.
«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметі