Сенбі, 23 қараша, 23:56

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауда дауыс беру аяқталды

31.03.2024

239

0

Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауда дауыс беру аяқталды

 Жексенбіде Қызылорда өңірінде шығып қалған мәслихат депутатының орнына сайлау ұйымдастырылды, деп хабарлады Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясы.

Сайлау тек №15, №14, №1 округте ғана, яғни облыстық мәслихат пен Арал, Жаңақорған аудандық мәслихаты депутатын таңдау үшін өткізілді. 3 округ бойынша 37 мыңнан аса сайлаушы дауыс беруге құқығы бар.

Мұнда барлығы 27 учаске жұмыс жасады.
Кешкі сағат 20.00-де учаскелерде дауыс беру аяқталды. Комиссия мүшелері заң талабына сәйкес дауыстарды санау процесіне кірісті.
Сайлау процесін байқаушылар мен кандидаттың сенім білдірген адамы бақылады.

Жалпы 3 округ бойынша 211 азамат үйден дауыс беріп, өз таңдауларын жасады. Оларға комиссия мүшелері тасымалданатын жәшіктерді апарып, дауыс беруді ұйымдастырды.
Айта кету керек, сайлауда 3 округте 10 азамат кандидат ретінде үміткер. Олардың 9-ы өзін-өзі ұсыну тәртібі бойынша, 1-і саяси партия атынан сайлауға түсті.

Еске салайық, сайлаушылар үшін «Өзіңді сайлаушылар тізімінен тексер» атты сервис қолжетімді болды. Мұнда округ аумағында тұратын сайлаушылар ЖСН нөмірін теру арқылы өз учаскесін оңай анықтай алды.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика