Дүйсенбі, 16 наурыз, 18:17

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні ұлықталды

16.03.2026

7

0

651791080 4219401731659886 226541324917447133 n
Фото: Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін қалалық мәдение және демалыс паркі аумағында «Наурызнама» онкүндігінің «16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне» орай ұйымдастырылған «Санамызды сергіткен салт-дәстүрім – Наурыз» атты мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Шарада ұлттық өнеріміз дәріптеліп, әсем ән мен күмбірлеген күй, мың бұралған би көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Халқымыздың ғасырлар бойы сақталып келе жатқан салт-дәстүрлері насихатталып, ұлттық құндылықтардың маңызы кеңінен дәріптелді.

Бірлік пен берекені арттыратын осындай игі шаралар жалғаса береді. Ұлыс оң, Ақ мол болсын!

651922215 4219401891659870 3845939399120865650 n
652348547 4219402954993097 6764533008480613134 n
653009050 4219402484993144 4315578124958594683 n

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика