Қазақстан Журналистер Одағының басқарма төрағасы Сейтқазы Матаев марапат иелерін жариялап, әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтады.
Мира Жакибаева журналистік қызметін 1994 жылы қалалық «Қызылорда» газетінде корректор болып бастап, кейін тілшілік қызметке келген. 2000 жылдан бері облыстық «Кызылординские вести» газетінде тілші, аға тілші қызметтерін атқарды. 2022 жылдан «Kzvesti.kz» ақпараттық агенттігінің шеф-редакторы.
– Бұл байқауға бірінші рет қатыстым. Оның басталғанын әлеуметтік желіден білдім. Сыр өңірінің ауыл шаруашылығы мен экология мәселелері туралы сараптамалық материалдарымды жібердім. Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен түрлі басылым журналистері қатысуда, – дейді М.Жакибаева.
Журналист жас әріптестерін сараптамалық материалдарға көңіл бөлуге шақырып, олардың қашанда өз оқырманын табатынын атап өтті.