Жексенбі, 16 қараша, 01:52

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Күріш өндірушілер әлемдік агротехникалық көрмеге қатысты

14.11.2025

16

0

583321166 1137875081867068 74810

Қазақстандық күріш өндіру және өңдеу саласының мамандары Германияның Ганновер қаласында өткен AGRITECHNICA 2025 әлемдік агротехникалық көрмесіне қатысты. Көрмеге 2 700-ден астам компания келген, бұл – агроөндірістің жаһандық деңгейде трансформацияланғанына айқын мысал.

Бүгінгі негізгі бағыт – агросекторды цифрландыру, күріш индустриясын дамыту, су ресурстарын үнемдейтін және смарт-технологияларды енгізу. Осы сапарда күріш жинайтын, жер өңдейтін техникалық жабдықтарды, DJI T100 дрондарын (Қызылордада қарашаның соңында таныстырылады), күріш сақтау қоймаларын интеллектуалды басқару жүйелерін, алқапты тегістеу және ақылды дренаж жүйелерін қолдану технологияларын жеткізу туралы келісімдер жасалды.

Бұл – инновациялық агроплатформаға бағытталған нақты қадам. Тұрақты даму, цифрлық трансформация және ресурстарды тиімді пайдалану өсімді қамтамасыз етеді.

582270168 1137875085200401 64541
581726127 1137875161867060 6071363221704382229 n
559699723 1137875128533730 2737482152337685543 n

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика