Сейсенбі, 03 ақпан, 07:05

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Биыл Қазалыда 17 257 га жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылмақ

02.02.2026

14

0

624483427 2517678181961012 9025674497245627700 n

Қазалы ауданы ауыл шаруашылығына бейімделген аймақ. Өткен жылы ауыл шаруашылығы дихандары 17 445 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылып, 5 636 гектарға күріш өнімі егілді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қазалы ауданының әкімі Алмасбек Есмаханов айтты.

– 2026 жылға 17 257 гектарға егін егу жоспарлануда, оның ішінде негізгі дақыл күріш 6 000 гектарға егіледі деп күтілуде. Биыл Президент Жолдауында көрсетілген агроөнеркәсіп кешенінде су үнемдеу технологияларын енгізу мәселесіне байланысты егін шаруашылықтарында су үнемдеу технологияларын енгізу, су тапшылығы жағдайында өнімділікті төмендетпеу мақсатында егіс алқаптарын әртараптандыру жұмыстары қолға алынуда. Өткен жылы ауданнан Ресей, Беларусь, Дания, Германия, Тәжікстан, Қытай, Литва, Нидерланды елдеріне 6 235 тонна өнім, тарқатып айтсақ, 1 508 тонна күріш, 813 тонна балық, 4 074 тонна қамыс экспортқа шығарылды.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика