Бейсенбі, 05 ақпан, 17:30

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Білімге инвестиция – жарқын болашаққа жол

05.02.2026

10

0

626775731 2519835425078621 2631537324578117429 n
Фото: Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Елдің әл-ауқатын арттыру мен қоғамның дамуын қамтамасыз етудегі басты басымдықтардың бірі — білім беру саласы екені белгілі. Себебі сапалы білім ұлт болашағының берік негізі, жастардың әлеуетін ашатын және елдің өркендеуіне жол бастайтын маңызды күш. Сондықтан білім жүйесін жетілдіру, оқушылар мен студенттердің жан-жақты дамуына жағдай жасау бүгінгі күннің өзекті міндеті. Ал Қармақшы ауданы білім саласына байыппен қарайды. 2025 жылы білім саласында 3 орта мектеп, 1 бөбекжай-бақшада және 5 мектеп жанындағы спорт алаңдарында жөндеу жұмыстары жүргізіліп, нысан пайдалануға берілді.

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен Байқоңыр қаласында орналасқан №277 мектеп-лицейінің 34 кабинеті жаңадан жабдықталды. Мұның барлығы – білім саласына жасалып жатқан қамқорлық. Бұл туралы Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбек баяндады.

— 2024-2025 оқу жылында 14 928 оқушы білім алып, 766 мектеп бітірушінің 694 оқушысы, яғни 90,6 пайызы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. Оның ішінде: 54 түлек «Алтын белгі» және 48 түлек «Үздік аттестат» иегері атанды. Ұлттық бірыңғай тестілеуге 694 оқушы қатысып 147 оқушы жүз және жүзден жоғары балл жинады. Нәтижесінде ауданымыз облыс бойынша аудандар арасында алдыңғы орындардан көрінді. Сондай ақ, Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысымен облыс бойынша ең жоғарғы 138 баллды Қармақшы ауданының 2 оқушы жинады.Мектеп бітірушілердің 648 оқушысы жоғарғы оқу орнындарына, 115 оқушысы арнаулы орта оқу орындарында білім алуда. Өңірлерге қажетті мамандықтар бойынша облыс әкімінің оқу грантымен 30 студент жоғарғы оқу орындарынан білім алуда. Жосалы кентінде орналасқан №5 «Айгөлек» бөбекжай бақшасы ғимараты апаттық жағдайда болуына байланысты басқа ғимарат табысталды, – деді Жандос Еркінбек.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика