Жексенбі, 15 желтоқсан, 01:28

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«Бастау Бизнес» жобасы өз жемісін беруде

19.02.2024

379

0

«Бастау Бизнес» жобасы өз жемісін беруде
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бүгінде өздігінше кәсіп бастаймын деген азаматтарға мемлекеттен көрсетілетін қолдау көп. Сол қолдаулардың тиімділігін іске асырып жүргендердің бірі – қызылордалық Дархан Қалиев 2022 жылы «Бастау Бизнес» жобасы арқылы кәсіпкерлік курсын аяқтап, былтыр мемлекет тарапынан 1 млн 380 теңге көлемінде қайтарымсыз грант жеңіп алған. Қазіргі таңда кәсіпкер «Жылыжай» ісін қолға алып, онда әртүрлі көкөністер өсіруде. Алдағы уақытта өз кәсібін одан әрі ұлғайтуды жоспарлап отыр. Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен мемлекеттік қайтарымсыз грант азаматтардың жұмысымен танысу мақсатында арнайы баспасөз туры ұйымдастырылды.

-Былтыр күз айында мемлекеттік бағдарламалардың көмегімен қайтарымсыз қаржы алып, жылыжай аштым. Бүгінде жылыжайда қияр, қызанақ, аскөк егілген. Егілген өнімдер жылыжай температурасымен күндіз +25, ал түнде +15-12 градуста өсірілуде. Жақсы күтім көрсетіп, уақытылы қараймын. Көктемде табиғи таза мол өнім жинаймын деген ойдамын. Жиналған өнімдерді жергілікті азаматтардың сұранысымен сатуды жоспарлап отырмын. Келешекте жылыжайды кеңейтіп, басқа да көкөністерді егуді қолға аламын, — деді кәсіпкер Дархан Қалиев.

Баспасөз туры «Құлыншақ киімдер пижамасын ұсыну» тігін цехының жұмысын таныстырумен жалғасты. Кәсіп иесі — Перизат Ашықбаева былтыр «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздерін оқытудың курсын тәмамдап, мемлекеттік бағдарламалардың көмегімен қайтарымсыз грант жеңіп алған. Осы арқылы кәсіпкер өзінің жеке тігін цехын ашып, қазіргі таңда бір адамды жұмыспен қамтып отыр.

— Өзім 8 жылдан аса тігін ісімен айналысып келемін. Соның ішінде балалар киімін тігуді ерекше жақсы көремін. Көп балалы ана болғандықтан балалардың денесіне жағымды, аллергиялық белгілер бермейтін, сапалы киім-кешектерді тігуді мақсат етіп, осы кәсіпті бастадым. Осы іспен айналысуыма мемлекеттік бағдарламалар үлкен көмек болды. Осылайша, 1 млн 380 теңге көлеміндегі қайтарымсыз қаржыға керекті құрал-жабдықтарды сатып алып, балалар киімін тіге бастадым. Қазіргі таңда біздің өнімге сұраныс жаман емес. Сапалы әрі жергілікті өнімдерді шығаруға қолымыздан келгенше атсалып келеміз, — деді кәсіпкер Перизат Ашықбаева.

Келесі кәсіпкерлік нысаны да ерекше. Қызылорда қаласына қарасты Қарауылтөбе ауылдық округінде «Бөдене шаруашылығын» қолға алған Нұрлан Смағұлов та мемлекеттік бағдарламалардың игілігін көруде. Бүгінде шаруашылықта 4 мыңдай бөдене құсы бар. Олар 40-45 күнде жұмыртқа бере бастайды. Кәсіпкердің айтуынша, бөдене құстары күтімді көп қажет етпейді, алайда берер пайдасы орасан зор дейді.

-Жалпы бөдене жұмыртқасының адам денсаулығына пайдасы көп. Сол үшін де осы кәсіпті бастадым. Бөдене құсы көп күтімді қажет етпейді, уақытылы дәрумендерін егіп тұрамыз. Қазіргі таңда айына 700-800 бөдене жұмыртқа алып, оны жергілікті азаматтарға сатамыз. Келешекте осы шаруашылығымды одан әрі кеңейтіп, азаматтарды жұмыспен қамтысам деген ойым бар, — деді шаруашылық иесі Нұрлан Смағұлов.

-Былтыр жалпы саны 459 азаматқа қайтарымсыз грант берілді. Грант алған азаматтар әртүрлі кәсіп бастап, бүгінде өз өнімдерін өндіруде. Жалпы мемлекеттен берілетін бұл қаржыны берудің өз тәртібі бар. Мәселен, көп балалы аналарға, мүгедектігі бар азаматтарға, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға және қандастардың бизнес жоспарларына көмек береміз. Ал, биыл 484 адамға аталмыш бағдарламалар аясында қайтарымсыз грант беруді жоспарлап отырмыз. Олар «Бастау бизнес» жобасының арнайы курсынан өтіп, өз кәсіптерін комиссияға ұсынуы керек. Жалпы жылдан-жылға қайтарымсыз грант алушылар қатары көбейіп келеді. Бұл өз кезегінде жұмыссыздық деңгейін төмендетуге ықпал етіп отыр, — деді қалалық «Мансап» орталығы филиалының директоры Жақсылық Төлегенов.

428452048_1953011795094323_69571737497518450_n.jpg
428298329_1953011785094324_7162995656793584187_n.jpg

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика