Бейсенбі, 21 қараша, 11:29

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

БАҚ өкілдері облыстағы нысандарды аралады

20.11.2024

59

0

БАҚ өкілдері облыстағы нысандарды аралады
Фото: Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Кеше республикалық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Қызылорда облысындағы бірқатар нысандармен танысты. Олар ең әуелі облыстың ұлттың рухани ордасы деп есепттелетін Өнер орталығымен танысты.

Бұл орталықта Тұрмағамбет атындағы халық аспаптары оркестрі, Симфониялық оркестр, «Сыр самалы» вокалды-аспаптық ансамблі, «Томирис» би ансамблі, «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі, «Қорқыт сазы» қобызшылар ансамблі, «Тұран» триосы, «Айару» заманауи би ансамблі және «Әдемі» балалар музыкалық театр студиясы секілді өнер ұжымдары жұмыс істейді.

Мұндағы әр ұжым аймақтың мәдениеті мен өнерін дамытуда елеулі үлес қосып келеді. Ал, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған «Анаға тағзым» орталығы да қонақтар үшін ерекше әсер қалдырды. Бұл орталық отбасылық құндылықтарды насихаттап, ана мәртебесін көтеруге бағытталған маңызды мәдени жобалардың бірі болып есептеледі.

БАҚ өкілдері облыстағы нысандарды аралады

Одан соң журналистер аймақтағы маңызды инфрақұрылымдық жобалардың бірі саналатын жылу электр орталығының құрылысымен танысып, «Жан-Арай» агро-индустриалды кешені мен жуырда ғана ашылған теннис орталығын аралады. Сонымен қатар, жақында ашылған жаңа автовокзал мен «Қорқыт ат» әуежайының жаңа терминалы журналистердің назарын аударды. Бұл нысандардың барлығы да өңірдің қазіргі заман талабына сай дамып келе жатқанын көрсетеді.

Баспасөз туры Сырдария ауданы, Бесарық ауылына сапармен жалғасты. Мұнда журналистер «Абай-Дәулет» ЖШС-нің «Фри» зауытының жұмысымен және «Ауыл аманаты» жобасы аясында жүзеге асқан бастамалармен танысты. Әсіресе, қолғап, сабын, пластикалық ыдыстар, ұлттық нақыштағы ою-өрнек өнімдері және шұлық өндірісі журналистердің қызығушылығын оятты. Бұл жобалар ауыл шаруашылығын әртараптандыруға және ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға зор ықпал етуде. Баспсөз турына қатысқан БАҚ өкілдері Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуын жан-жақты дамуына оң бағаларын берді.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика