Бейсенбі, 13 қараша, 20:11

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Аймақта “Учаске” профилактикалық іс-шарасы өтуде

13.11.2025

10

0

582425478 2449854758743355 8314859629986112335 n

1 қыркүйектен бастап облыс аумағында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара барысында бүгінге дейін 166 175 үй тексеріліп, нәтижесінде 56 аңшы қаруы, 6 тапанша мен 1 иір ойықты қару тәркіленген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Рауан Әлдешов мәлімдеді.

— Іс-шараға барлығы 705 адам жұмылдырылып, 2 146 саяжай, 2 151 шаруа қожалықтары тексерілді. Тексеру барысында құқық бұзушылық жасаған 1 154 кәмелетке толмағандар ұсталып, 58-і бейімдеу орталығына жатқызылса, 1 096 әр түрлі құқық бұзушылықтар бойынша хаттама толтырылды.

Қоғамдық оқшаулаумен байланысты емес жазаны өтеудің шарты мен тәртібін бұзған 92 дерек анықталды. Сондай-ақ, 1 225 адам әр түрлі құқық бұзушылықтар бойынша ішкі істер органдарына жеткізіліп, қол саусақ іздері алынды. Іс-шара барысында аймақты аралаған полиция қызметкерлері міндетті түрде арнайы киім үлгісінде болады, қызметтік куәлігін көрсетеді және тек заңды талаптармен ғана жүреді. Егер күмән туындаса 102 нөмеріне хабарласуларыңызды сұраймыз,-деді Рауан Қырымұлы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика