Бейсенбі, 13 қараша, 20:19

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Аймақ басшысы мемлекет және қоғам қайраткері Мұхтар Құл-Мұхаммедпен кездесті

12.11.2025

24

0

580598059 1136404658680777 2960293332146049593 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев мемлекет және қоғам қайраткері Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммедпен кездесті. Қайраткердің Сыр елінің дамуына қосқан үлесін атап өтіп, ізгі тілегін білдірді.

579500961 1136402772014299 2098313504012156743 n

«Батыр атамыз Бауыржан Момышұлының «Әр адамға бақыт пен бедел ақылмен, көп ізденіспен, адал еңбекпен келеді» деген ұлағатты сөзі бар. Мәнді де мағыналы ғұмыр кешіп, абыройға, сый-құрметке бөленген аға буын арасында Мұхтар Абрарұлының тұлғалық келбеті, адами болмысы өз алдына бөлек.

Сіз Қызылорда облысының әкімі ретінде Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін бердіңіз. Бір ғана мысал, 2007 жылы облыс бюджеті 36 млрд. теңге болса, бір жарым жылда 90 млрд. теңгеге жетті.

Аз уақыттың ішінде аймақ экономикасының сан саласындағы өзекті мәселелерді республикалық деңгейде батыл көтеріп, Қызылорда қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің проблемаларын шешуге, инженерлік инфрақұрылым жүйелерін жаңғыртуға ықпал еттіңіз. Облыс аумағында 21 мектептің, Жаңақорған ауданында жыл бойы жұмыс жасайтын балалар тынығу лагерінің құрылысы басталды, 1 200 орындық 11 іргелі мектеп салынды. Денсаулық сақтау саласында 11 нысанның құрылысы басталып, Арал, Қазалы аудандарында 100 орындық аурухана, Жаңақорған аудандық орталық ауруханасы ғимараттары бой көтерді.

Сізді халқымыз мемлекет және қоғам қайраткері ғана емес, Тәуелсіз Қазақстанның құрылуы мен қалыптасу кезеңінен бүгінге дейінгі дамуына сүбелі үлес қосқан көшбасшы азамат, Алаш арыстарының озық идеяларын жалғастырушы тұлға ретінде айрықша құрметтейді, – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Мұхтар Құл-Мұхаммедке аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына сіңірген еңбегі үшін «Қызылорда облысының құрметті азаматы» атағын беру туралы шешім 2022 жылы қабылданған болатын. Сол шешімнің негізінде берілген атақ және Қызылорда облысының Құрмет грамотасы бүгінгі кездесуде табысталып, Сыр жұртшылығының атынан сый-сияпат көрсетілді.

М.Құл-Мұхаммед әр жылдары Парламент Сенатының депутаты, Президенттің Баспасөз хатшысы, кеңесшісі, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Мемлекеттік хатшы қызметтерін атқарған. Екі мәрте Сенат депутаты ретінде Парламентте тұрғындардың өмір сүру сапасының жақсаруына бағытталған заңдардың қабылдануына ықпал етті. Төрт мәрте Мәдениет және ақпарат министрі қызметін атқарған уақытта еліміздің мәдени-рухани дамуына, ұлттық құндылықтардың жаңғыруына жол ашты. 2007-2008 жылдары Қызылорда облысының әкімі ретінде ілкімді істердің бастамашысы болып, өңірдің өсіп-өркендеуіне серпін берген жобаларды жүзеге асырды.

580734324 1136402928680950 1804742538248454416 n
582349939 1136402815347628 8899111255615383046 n

Кездесуде қоғам қайраткерлері Жарылқасын Шәріпов, Ибрагим Әбибуллаев, Бекмырза Еламанов, Мәжіліс депутаты Мархабат Жайымбетов құттықтауларын жеткізді.

Мұхтар Абрарұлы көрсетілген құрметке алғысын білдіріп, ізгі тілегін айтты.

581038135 1136402825347627 9207633595432963851 n

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика