Сенбі, 06 желтоқсан, 03:49

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Әріптестері Бейбіткүл Кәрімованы жаңа қызметке шығарып салды

05.12.2025

12

0

594706198 1153388996982343 8185968227915928701 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбеттің қатысуымен өткен жиында әріптестері Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің басқарма төрағасы-ректоры қызметін атқарған Бейбіткүл Кәрімованы жаңа қызметке шығарып салды. Оған облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, зиялы қауым өкілдері, ел ағалары, облыстық, қалалық мәслихат депутаттары, жоғары оқу орындарының ректорлары мен ғалым-профессорлары қатысты.

Облыс әкімінің орынбасары Бейбіткүл Сәрсемханқызының адал қызметі мен көпжылдық еңбек тәжірибесін атап өтіп, алғыс білдірді.

592958791 1153388956982347 1656203668913948573 n

«Бейбіткүл Сәрсемханқызы өңірімізде еңбек еткен алты жылдай уақытта университеттің студенттер контингенті 2,2 есе, мемлекеттік тапсырыс негізінде оқитындар саны 4,8 есе, ғылыми-зерттеу жұмысынан түскен табыс 9,3 есе, қаржылық кірістер 3,4 есе, оқытушылар құрамының еңбекақысы 3 есе өсті.

Оқу орнының ғылыми-кадрлық әлеуеті нығайып, сыртқы академиялық ұтқырлық пен шетелдік студенттердің саны артты. Жаңа оқу кабинеттері, дәрісханалар мен ғылыми зертханалар пайдалануға берілді.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасына сәйкес Оңтүстік Кореяның СеулТех ұлттық университетімен бірлесіп Қорқыт ата университетінің базасында Жасанды интеллект және информатика институты ашылды. Жетекші шетелдік жоғары оқу орындарымен бірлескен қос дипломды бағдарламалар іске қосылды. Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты ретінде тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту ісіне де зор үлес қосты. Бұл жұмыстарды өңір халқы жақсы біледі», – деді Мейрамбек Шермағанбет.

Басқосуда облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, ел ағасы Сәпен Аңсатов, Қорқыт Ата атындағы университеттің профессоры Серікбай Қошқаров ізгі тілегін жеткізді.

Жиында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолындағы еңбегі үшін Бейбіткүл Сәрсемханқызына Сыр жұртшылығы атынан Қызылорда облысының Құрмет грамотасы табысталды.

Өз кезегінде Бейбіткүл Кәрімова көрсетілген құрмет үшін әріптестеріне ризашылығын білдірді.

591750970 1153388963649013 435945404115600923 n

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика