Бейсенбі, 19 ақпан, 00:33

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Әлеуметтік сала өкілдерімен жаңа Конституция жобасы талқыланды

18.02.2026

13

0

bd9f8fb6 9632 4db9 b394 79b9a722b120

Жаңа Конституция жобасын түсіндіру мақсатында өңірлік коалиция өкілдері №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының ұжымымен кездесу өткізді.

Жиынға қалалық коалиция жетекшісінің орынбасары Гүлшат Мұсаева, жергілікті коалиция мүшелері Алтын Есқараева, Бауыржан Төлеген, Раушан Ысқақова, Сәкен Алдашбаев және Абунасыр Алдабергенов қатысты.

Кездесу барысында Гүлшат Мұсаева Конституция жобасының негізгі бағыттарына тоқталып, құжаттың басты мақсаты – әділетті, ашық және азаматтардың пікірін ескеретін мемлекеттік жүйені қалыптастыру екенін атап өтті. Ол Ата Заңға енгізілетін өзгерістердің азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті сақтауға, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталғанын түсіндірді. Сонымен қатар, конституциялық реформалар елдегі саяси жаңғыру үдерісінің маңызды кезеңі екенін атап өтті.

e303532f 80a7 4031 b4a9 7caeead06cd7

Коалиция мүшесі Раушан Ысқақова реформалардың стратегиялық маңыздылығына тоқталып, олардың елдің орнықты дамуына, әлеуметтік саясаттың жаңаруына және қоғамдық келісім мен бірліктің нығаюына ықпал ететіндігін жеткізді.

Кездесу еркін форматта өтті, қатысушылар Конституция жобасындағы нормалар туралы пікірлерін білдіріп, сұрақтарына жауап алды.

8eb48d28 36d7 4a4d a4c6 ab5488eceeae

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика