Ертең сағат 12:55-те Қазақстанның барлық қаласында дабыл жүйесін тексеру үшін электр сиреналары қосылады. Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарды сабырға шақырып, үрей мен қауесеттерге сенбеуін сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ведомствоның хабарлауынша, 8-9 ақпан аралығында елімізде «Су тасқыны кезеңі жағдайларындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбы бойынша «Көктем-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.
Оқу үйлестіру және жетекшілік ету жөніндегі республикалық штаб Ақтөбеде орналасады. Оқу-жаттығу шеңберінде екі күн бойы барлық өңірлерде профилактикалық іс-шаралар кешені өткізіледі.
«Баршаның назарына!» дабылы бойынша аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында 2024 жылғы 8 ақпанда, сағат 12.55-де (Астана уақыты бойынша) барлық дыбыстық электр дабылдары қосылады. Тыныштық сақтауларыңызды және үрейге бой алдырмауларыңызды сұраймыз”, – делінген Төтенше жағдайлар министрлігі хабарламасында.