Сейсенбі, 03 ақпан, 07:06

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

2025 жылы Жаңақорған ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуында тұрақты өсім қалыптасты

31.01.2026

16

0

626618710 2516109995451164 6231602984306638614 n
Фото: Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

2025 жылдың қорытындысымен Жаңақорған ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуында тұрақтылық байқалады. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 104,5 пайызға жетсе, өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі 102,5 пайызға орындалды. Ал, құрылыс жұмыстарының көлемі 157,8 пайыз болды. Тұрғын үйлерді пайдалануға беру көлемі 75 223 шаршы метрді құрап, тиісті кезеңімен салыстарғанда 109,7 %-ға орындалды.

Бөлшек сауда көлемі 100,1 пайызды құраса, ауыл шаруашылығы жалпы өнімі 103,1 пайызға жетті. Бұл туралы Жаңақорған ауданының әкімі Мәжит Самитов мәлімдеді.

— Аудан бюджеті 2025 жылдың басында 14,2 млрд теңге болып бекітіліп, қосымша кіріс көздерін арттыру және жоғары тұрған бюджеттерден алынған нысаналы даму трансферттері есебінен ұлғайтылып, жыл соңында 18,7 млрд теңгеге жетті. Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан жоба аясында Жаңақорған кентінде 600 орындық, Жаңарық ауылында 300 орындық «Келешек» мектептері, «Руханият» орталығы, Екпінді ауылдық клубы салынып, пайдалануға берілді. Әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын 124 отбасына баспана кілті тапсырылса, Төменарық ауылында аурухана, Әбдіғаппар, Бесарық ауылдарында дәрігерлік амбулаториялар ел игілігіне пайдалануға берілді. Аудан орталығында осыдан 40 жыл бұрын басталып, аяқсыз қалған темір жол үстінен өтетін көпірдің құрылысы қайта жаңғыртылып, өткен жылдың шілде айында іске қосылды. Арнайы мемлекеттік қордан тиісті қаржы бөлініп, Жаңақорған аудандық көпбейінді аурухана жанынан қосымша ғимарат салынып, қазіргі таңда науқастар ем алуда. Биылғы жылы бұл ғимаратқа заманауи МРТ, ангиограф аппараттары орнатылып, аудан тұрғындарына сапалы қызмет көрсететін болады. Былтырғы жылдың осындай құрылыс қарқыны сақталып, биылғы қаңтар айының өзінде ғана әлеуметтік осал топтағы отбасыларына арналған 80 пәтерлі 40 тұрғын үй мен Келінтөбе ауылындағы дене шынықтыру — сауықтыру кешені пайдалануға берілді,- деді Мажит Самитұлы.

624830376 2516110895451074 7419320035228305627 n
624930297 2516110878784409 6101465020871141045 n

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика