Жұма, 20 наурыз, 17:48

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордада қайта салынған Президент паркі пайдалануға берілді

20.03.2026

8

0

653819124 1233624805625428 7136894924949605754 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қызылордадағы қайта салынған Президент паркінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Рәсімге құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, барлық ауданнан келген делегаттар арнайы қатысты, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

653049964 1233625372292038 962664299423017909 n

Аймақ басшысы қала тұрғындарын саябақтың ашылуымен құттықтап, өңірде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында атқарылған жұмыстарды атап өтті.

654309781 1233624872292088 7125263041343530045 n

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Туған жерімізді ешкім сырттан келіп тазалап, көркейтіп бермейді. Отанымызды таза ұстау – әр азаматтың қастерлі парызы», – деген болатын.

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы тұрғындар арасында тазалық мәдениетін кеңінен насихаттауға, туған жерімізді көркейтуге тың серпін берді. Жоба аясында санитарлық тазалық, абаттандыру, тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасауда кешенді жұмыстар атқарылуда. Бюджет қаражатынан бөлек, кәсіпкерлердің демеушілігімен орталық алаңдар, демалыс орындары, ойын, спорт алаңдары қайта жаңғыртылып, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар заманауи үлгіде жөндеуден өткізіліп келеді.

Өңірімізде біркелкі дизайн код бекітіліп, облыс орталығынан бастап барлық елді мекендер бірегей архитектуралық талаптарға сәйкестендірілді. Қызылорда қаласында 2 млрд. 905 млн.теңгеге 83 ескі көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттері заманауи панельдермен қапталды. Биыл да бұл жұмыс жалғасын тауып, 900 млн. теңгеге қосымша 21 тұрғын үй жаңғыртылуда. Өткен жылы 1 млрд. 300 млн. теңгеге 20 көпқабатты тұрғын үйдің аулаларына балалар ойын, спорт алаңдары салынып абаттандырылды.

Облыс орталығында жаңа нысандар бой көтеріп, жасыл желек пен саябақтар саны көбейіп, озық сәулет үлгісі қалыптасуда. Өскелең ұрпақ үшін таза, жайлы әрі қауіпсіз орта құру алдағы уақытта да жалғасады. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясындағы акцияларға, табиғат қорғау шараларына жастар мен қоғам белсенділері қатысып, үлес қосуда.

Саябақты сапалы етіп қайта салған «Алем Құрылыс» компаниясының ұжымына Сыр жұртшылығының, Өзімнің атымнан шынайы алғысымды білдіремін! Егемен елімізді көркейту жолындағы істеріміз табысты болсын!» – деді аймақ басшысы.

652609575 1233625238958718 4264973198414902961 n

Айта кету керек, жаңа саябақ аумағына заманауи субұрқақтар, амфитеатр, спорт, ойын, би, шахмат, баскетбол, футбол алаңдары, биіктігі 50 метрлік айналмалы шолу дөңгелегі, велосипед және жүгіру жолақтары, санитарлық пункттер орнатылған. Жалпы 31 гектарға 2 мыңнан астам ағаш, 50 мыңнан астам сәндік бұта және 17 түрлі көпжылдық гүл егілді.

Саябақ аумағын тиімді пайдалану мақсатында бірқатар ірі жоба қолға алынған. Атап айтқанда, 6 гектар жерге 300 орындық заманауи балалар лагері, 2,4 гектарға Ботаникалық білім беру орталығы, 8,2 гектарға тоғыз қабатты 15 тұрғын үй салынуда. Бұдан бөлек, 200 төсектік жаңа перинаталдық орталық құрылысы қарқын алды. Жақын күндері 5,5 гектар аумақта жаңа драма театр мен заманауи Президенттік кітапхана құрылысы басталады.

Рәсімде Президент паркіндегі жұмыстарды сапалы атқарған мердігер мекеме өкілдері мен экологиялық акцияларға белсенді атсалысқан еріктілер облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Қоғам қайраткері Жарылқасын Шәріпов ізгі лебізін білдірді.

652977973 1233625055625403 3684945157509420775 n
653708919 1233625262292049 3106198358848437415 n
654788145 1233624902292085 2319952618545970586 n
653710586 1233625085625400 7695131900362035227 n
651743358 1233625118958730 613924083600526583 n
651915347 1233625162292059 5038048461435197641 n
652535691 1233624962292079 1465405412020936718 n
652902831 1233625365625372 4717488254218941321 n
653711448 1233625195625389 8327880994988207282 n
652321918 1233624952292080 1622197717932767888 n
654481553 1233625325625376 470907276851639106 n
652956584 1233625015625407 999505613829200511 n
653067692 1233625318958710 7386822924503223643 n

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика