Сенбі, 21 наурыз, 22:45

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордада «Береке бастауы – әз Наурыз» атты мәдени-көпшілік шара өтті

21.03.2026

8

0

default
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бүгін сол жағалаудағы «Қайсар-арена» стадионы аумағында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен «Береке бастауы – әз Наурыз» атты мәдени-көпшілік шара өтті, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

default

Көктің тынысын тыңдаған, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігін Табиғат-анамен тығыз байланыстырған ата-бабаларымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы деп есептеген. Уақытпен бірге жаңарған Қызылорда қаласының сән-салтанаты Ұлыстың ұлы күні қарсаңында бұрынғыдан да арта түскендей. Қала көшелері Наурыз мерекесінің айшықты көріністерімен, ұлттық нақыштармен безендірілген.

Кейінгі күндері ызғардың да беті қайтып, күн шуағын молынан төкті. Көктемнің жаңаруымен үндескен қала келбеті ерекше құлпырып, мерекелік көңіл-күйді сезіндірді. Жаңа стадион алаңына 60-қа жуық киіз үй тігіліп, береке мен бірліктің нышанындай ақ дастархан жайылды.

Аймақ басшысы жұртшылықты Наурыз мерекесімен құттықтап, Сыр өңірінің даму жолындағы жаңашылдықтар мен алдағы жоспарларға тоқталды.

653711212 1235107178810524 1710127302926763211 n

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Сыр бойында өткен Ұлттық құрылтайда: «Соңғы жылдары Қызылорда облысы заман талабына сай өсіп-өркендеп жатыр» деп, аймағымыздың барлық саладағы қарқынын ерекше атап өтті, атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді.

Тарихи миссиясы маңызды жиында Мемлекет басшымыз Қызылорда қаласында 300 орындық көпбейінді аурухана құрылысы басталғанын, 400, 500 орындық емханалар, 200 орындық перзентхана мен жаңа драма театр, заманауи Президенттік кітапхана құрылысы басталатынын жариялады. Республикалық, халықарлық маңызы бар жаңа автомобиль жолдарының құрылысы туралы айтты.

Жақында ғана «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автодәлізінің Қызылорда – Ақтөбе бағытын төрт жолақты етіп кеңейту жобасының бірінші кезеңін бастадық. «Бейнеу – Сексеуіл» жолының құрылысы да биыл қолға алынады.

Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтаған Наурыз мейрамы тәуелсіз елімізге, туған жерімізге толайым табыстармен, жаңалықтармен келсін!

Жеріміздің тынысы кең, еліміздің мерейі үстем, халқымыздың болашағы баянды болсын! Егініміз бітік шығып, қамбамыз астыққа толсын! Әр шаңыраққа Қыдыр қонып, құт дарысын», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

656185787 1235106968810545 7859798763556436693 n

Наурыз мерекесіне орай тігілген киіз үйлер алдында көрмелер мен салт-дәстүр қойылымдары қойылды. Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай 35 баланың тұсауын, айдарын кесу рәсімдері өткізіліп, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов құттықтау сөз сөйлеп, көпшілікке ізгі тілегін жеткізді. Мереке отандық эстрада жұлдыздарының және жергілікті өнерпаздардың концертіне ұласты.

653042236 1235106865477222 4803675264631510063 n
654774317 1235106812143894 2816701335539911068 n
653709996 1235107208810521 4450299441717583872 n
653710150 1235107272143848 396117005968660733 n
651899320 1235106822143893 2874101596906120576 n
654877232 1235106918810550 6140230920679236171 n
654330590 1235106782143897 6362994781678133399 n
653710401 1235107265477182 1401110315981585858 n
653709534 1235106898810552 453363694750536825 n
656931497 1235106852143890 6136200111986895031 n
656643747 1235107048810537 7927014257544187034 n
652814690 1235107005477208 7118279569192290361 n
652951931 1235107008810541 4436072744018157238 n
default

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика