Мәдениет және өнер қызметкерлері күнінде «Сыр бойы» газеті ұжымы да үлкен қуанышқа кенелді.
Былтырдан бері руханият саласында қызмет етіп жүрген шығармашылық адамдарын қолдау мақсатында облыс әкімінің «Тұран» сыйлығы тағайындалған еді.
Биыл екінші рет берілген атаулы сыйлықты басылымның «Руханият» бөлімінің басшысы Дүйсенбек Аяшұлы алды.
Сондай-ақ газетіміздің аға тілшісі Ғазиза Әбілда да «Тұран» сыйлығына лайық деп танылды.
Марапат иелері Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, бірнеше жыр жинақтарын шығарған.
Әріптестерімізді мерейлі марапатымен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз.
«Сыр медиа» ЖШС ұжымы