Жұма, 14 наурыз, 22:17

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Шәмшат Төлепованың 95 жылдығына арналған облыстық жыр фестивалі өтті

14.03.2025

15

0

483506923 2851459268358294 4840009282977412872 n
Фото: Қармақшы ауданы әкімдігі

Қамақшы  аудандық жыраулар үйінде аудан әкімінің қолдауымен, қазақ жыраулық өнерінің көрнекті өкілі Шамшат Төлепованың 95 жылдығына арналған «Домбырасын моншақтаған жыр жауһарлары» атты облыстық жыр фестивалі өтті.

Фестивальдің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы сөз сөйлеп, Шамшат Төлепованың өнегелі өмір жолына, ұлттық өнерге қосқан баға жетпес үлесіне тоқталды. Жыраулық дәстүрдің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуының маңыздылығын атап өтіп, Сыр бойының жыршылық мектебі – қазақ мәдениетінің алтын қазынасы екенін жеткізіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Шәмшат Төлепованың 95 жылдығына арналған облыстық жыр фестивалі өтті
Фото: Қармақшы ауданы әкімдігі

Жыр сайысында 11 жыршы қыз-келіншектер өнер көрсетіп, өздерінің орындаушылық шеберліктерін паш етті. Олардың терме-жырлары ұлттық мұрамыздың тереңдігін танытып, көрерменге ерекше рухани әсер сыйлады.

Фестивальдің басты мақсаты – жыраулық дәстүрді насихаттау, ұлттық өнерді дамыту және кейінгі буынға дәріптеу. Жыршылардың орындауында Шамшат Төлепованың шығармашылығы мен Сыр өңірінің жыршылық мектебі жаңғырып, қазақ өнерінің үздіксіз сабақтастығы айқын көрініс тапты.

Шәмшат Төлепованың 95 жылдығына арналған облыстық жыр фестивалі өтті
Фото: Қармақшы ауданы әкімдігі

Фестиваль соңында қатысушыларға алғыс хаттар мен арнайы марапаттар табысталды. Ұлттық құндылықтарды ұлықтаған бұл шара өнерсүйер қауым үшін рухани азық, жас жыршылар үшін тәжірибе алаңы болды.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика