Сәрсенбі, 26 қараша, 07:17

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«Сезім мен Сырдың самалы» атты әдеби-сазды кеш өтті

24.11.2025

25

0

586631746 854082333654129 1068739721662914728 n

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен А. Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде Сыр өңірінің талантты ақын қызы, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, «Таңсәрі», «Сезім – серуен», «Қыр гүлі» жыр жинақтарының авторы Ғазиза Әбілданың 50 жас мерейтойына арналған «Сезім мен Сырдың самалы» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Кеш шымылдығы студент жастардың орындауында ақынның «Сейхунмен сырласу» толғауымен ашылды.

Шараның ашылу салтанатында Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов және «Қалалық мәдениет үйлері, клубтар және халықтық ұжымдар» МКҚК директоры Эльмира Қанатбаева сөз сөйлеп, Қызылорда қаласының әкімі Нұржан Ахатовтың құттықтау хатын табыстады.

Әріптестері де құттықтау лебіздерін жеткізіп, сый-құрмет көрсетті.

585660701 854082290320800 3846760742165025540 n
587358142 854082410320788 1689510070034665726 n

Әдеби кеш барысында ақынның жүрек тебірентер жырлары оқылып, сөзіне жазылған әндер шырқалды.

Шара соңында мерейтой иесі Ғазиза Әбілда кеш қонақтарына алғысын білдіріп, оқырмандарына қолтаңба берді.

Поэзия мен руханиятқа арналған тағылымды кеш көрерменге ерекше әсер сыйлады.

587269969 854082503654112 1257323705024826094 n

Қызылорда қалалық мәдениет бөлімі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика