Сейсенбі, 21 қазан, 19:56

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Биігің аласармасын, Бексұлтан!

21.10.2025

11

0

Биігің аласармасын, Бексұлтан!

Астанадан тағы да сүйінші хабар жетті. Он бірінші рет өткен «Алтын домбыра – 2025» айтысында жерлесіміз, жас талант Бексұлтан Орынбасар 1-орынның сыйлығы сужаңа автокөлікті тақымға басты.

Өткен жылы Шымкент қала­сында өткен республикалық «Күміс домбыра – 2024» атты жас ақындар айтысында Бексұлтан топ жарып, күміс домбыра иегері атанған болатын.

Тынымсыз ізденіс, туабітті та­лант екіжақтап енді, міне, «Алтын домбыра» аламанында да мәреден көрінді.

Сыр бойына ақтаңгер ақын Мұқтар Ниязов үш рет, марқасқа жүйрік Мейірбек Сұлтанхан бір рет «Алтын домбыраны» алып келгенін жақсы білеміз.

Болашақта бұл жолды Бексұлтанның сөзсіз жалғайтынына көзіміз жетті. 

«Адамзаттың бәрін сүй» тақырыбымен өткен екі күндік аламанда елдің ең мықты ақындары ұлт өнерінің абыройын асқақтатты. 

Бас бәйгені белгілі айтыскер Айбек Қалиев жеңіп алды. Оған Астана қаласынан бір пәтер табыс етілді. Сондай-ақ көрерменнің көңілін тапқан Сара Тоқтамысоваға да бір пәтер берілді.

1,5 миллион теңгелік 2-орындар Серік Қуанған мен Нұрбол Жауынбайға бұйырды. Нұрбол Жауынбайға да қосымша көлік берілді. 1 миллион теңге сыйы бар 3-орынды Мейірбек Сұлтанхан мен Дидар Қами алды.

Ақындарға осылайша, ерекше мол сыйлықтар бұйырды. Ал біз «Ақынын іздеген ел бақытты» деген тәмсілдің ақиқатын тағы бір мәрте көрдік.

syrboyi.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика