Жұма, 22 қараша, 02:12

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Сыр өңірінде егін шаруашылығын әртараптандыруға басымдық берілуде

07.12.2023

232

0

egin_sharuashylygyn_artaraptandyru

Сыр өңірінде егін шаруашылығын дамыту және әртараптандыру бойынша кешенді іс-шаралар қолға алынды. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Астана қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.

«Ауыл шаруашылығы – өңір экономикасының негізгі саласы. Бұл салаға тартылған инвестиция көлемі өткен жылмен салыстырғанда 9,4 млрд теңгені құрап, 36,6 пайызға артты. Аймақтың табиғи-климаттық және топырақ ерекшеліктеріне сай ауыл шаруашылығы саласы толығымен суармалы егіншілікке, оның ішінде күріш егісіне бейімделген. Егін науқанының қорытындысымен әр гектардан 56,5 центнерден өнім алынып, қамбаға

503 мың тонна күріш жиналды. Су тапшылығына қарамастан, күріш өнімділігі бойынша өткен жылғы деңгейді сақтап қалдық», – деп баяндады аймақ басшысы.

Облыстың ауыл шаруашылығы саласының экспорттық әлеуеті артып, өткізу нарығы кеңеюде. Соңғы екі жылда 84 млн АҚШ долларының өнімдері экспортталды. Экспортталған өнімнің 96 пайызы – өңделген өнім.

Суды үнемдеп пайдалану үшін тамшылатып, жаңбырлатып суару әдістерінің қолдану аясын кеңейтуге басымдық берілуде.

«Осы жылы су үнемдеу технологиясымен 872 гектарға дақылдар егілді. Бұл тенденцияны жыл сайын 1000 гектарға арттырамыз. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында: «Агроғылымды дамыту және ең бастысы, оны ауыл шаруашылығында іс жүзінде қолдану үшін шаралар қабылдау қажет», – деген болатын. Аймақта күріштің, өзге де дақылдардың жаңа сорттарын шығарып, өнім сапасын арттыру үшін Ыбырай Жақаев атындағы қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының қызметіне басымдық берудеміз. Жақында Ауыл шаруашылығы ғылым Академиясымен агроөнеркәсіптік кешенді ғылыми және инновациялық дамыту саласындағы ынтымақтастық келісіміне қол қойылды», – деді Қызылорда облысының әкімі.

Өнімділігі жоғары, өсу мерзімі қысқа күріштің жаңа сорттарын өндіріске енгізу көзделуде. Ғалымдар бірнеше жаңа сорттарды сынақтан өткізуде. Нәтижесінде пилоттық жобадағы сорттар 10 центнерден жоғары өнім беріп, 10-15 күн ерте пісті. Келесі жылы да оң көрсеткіш сақталса, 2025 жылдан бастап жаңа сорттар қолданысқа енгізілмек.

Егіс алқабын әртараптандыру алдағы уақытта да жалғасын таппақ. 2025 жылға қарай күріш алқабы 89 мың гектардан 80 мың гектарға дейін қысқартылады. Оның орнына суды аз қажет ететін дақылдардың егіс көлемі 8,7 мың гектарға ұлғайтылады. Атап айтқанда, майлы дақылдар алқабы

13 пайызға, малазықтық дақылдар алқабы 8 пайызға, картоп, көкөніс, бақша дақылдары алқабы 0,5 пайызға, басқа дәнді дақылдар егісі 21 пайызға артады.

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика