Жұма, 22 қараша, 19:45

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Серік Сермағанбетов: Аралда 9 балық өңдеу зауыты жұмыс істейді

02.08.2022

591

0

Арал ауданда жылдық қуаттылығы 23 900 тоннадан астам 9 балық өңдеу зауыты жұмыс істейді. Бұл туралы аудан әкімі Серік Сермағанбетов Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы брифингте айтты.

«Балық аулау лимиті биылғы жылға 7430 тонна балық болып бекітілсе, есепті мерзім ішінде оның 6590 тоннасы ауланып, 1600 тонна балық өнімдері өңделді. Ауданда жылдық қуаттылығы 23 900 тоннадан астам 9 балық өңдеу зауыты жұмыс істейді. «Еврокод» белгісін «Арал балық өңдеу зауыты» және «Арал сервистік дайындау орталығы» ЖШС-гі алған», – дейді Серік Сермағанбетов.

Балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасына сәйкес ауданға қатысты тауарлық балық өндірісін ұлғайту үшін 7 тауарлы көл тізімге енгізілді. Атап айтар болсақ, Ақшатау-Сорғақ, Домалақ, Тұщы, Қаракөл, Алаша, Ақбілек және Шөмішкөл.

Сонымен қатар тауарлы балық шаруашылығын дамыту мақсатында биылғы жылы 3 тоған шаруашылығын іске қосу жоспарға енгізілді. Аталған жобалар жүзеге асқан жағдайда ішкі нарық тұрақты балық өнімдерімен қамтамасыз етіледі.

Брифингте аудан әкімі биыл қуаңшылықтын алдын алу мақсатында су шаруашылығына барлығы 568,2 млн. теңге қаржы қаралып, өз деңгейінде тиісті шаралар атқарылып жатқанын да жеткізді.

«Тоғыт, Ащықұдық, Сульфат-2, Боранбай, Мергенсай, Қазанғап Ата, Ақбай, Арал-1 ұңғымаларын қазуға 176,1 млн. теңге және 392,1 млн. теңгеге Жыланды, Ералы, Қулы, Ақшақыз, Қайролла, Нұралы жарма каналдарын тазарту жұмыстары жүргізілуде», – дейді аудан әкімі.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика