Жексенбі, 24 қараша, 20:46

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«САРАТС» жобасы балық шаруашылығының дамуына серпін берді

08.12.2022

328

0

Арал теңізінің тартылуы, 80-шы жылдардан бастап балық шаруашылығы саласы тоқырауға ұшыратты. Теңіз суының тұздылығы 30 мгр/л дейін өсіп, балық аулау мүлдем тоқтайтын деңгейге жетті. Ондаған балық өңдейтін кәсіпорындар мен балық аулайтын шаруашылықтар жабылды. Осының салдарынан балықшылар басқа өңірлерге көшуге мәжбүр болды. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, 2000 жылы Солтүстік Арал теңізінен бар-жоғы 400 тонна балықтың бір-ақ түрі, камбала глосса балығы ауланған.

Дер кезінде қабылданған шешімнің арқасында «САРАТС» жобасы саланың дамуына серпін берді. Қазірде Арал халқының ата кәсібіне айналған балық шаруашылығы жыл санап дамып келеді. Балық шаруашылығының өркен жаюы халық тұрмысыныңда түзелуіне оң ықалын тигізуде. Ауданда жылдық қуаттылығы 23 900 тоннадан асатын 9 балық өңдеу зауыттары жұмыс істейді. Оның 5-еуі балықты тереңінен өңдейтін болса, қалған 4-еуі балықты қатыру, мұздату және ыстау сияқты өңдеумен айналысады.

Аудан аумағында балық шаруашылығы маңызы бар Кіші Арал теңізінің 18 учаскесі, Сырдария өзені және 20 көл бар.

Осы теңіздің 18 учаскесімен 20 көлдің 17 көлін табиғат пайдаланушыларға ұзақ мерзімге берілген, 3 көліміз резервте.

Кіші Арал теңізінде балықтың 19 түрі мекендейді, кәсіпшілік балық аулау мақсатында балықтың 17 түрі ауланады.

Балық аулау кезеңі ағымдағы жылдың 1 шілдесінен келесі жылдың 1 шілдесіне дейін есепке алынады, сондықтан  2022 жылдан 2023 жылға дейін, Кіші Арал теңізінен 6924 тонна, Қамыстыбас және Ақшатау көлдер жүйесіне 477 тонна, сонда аудан бойынша барлық лимит 7401 тонна болып бекітілген. Ауланған балық 01.11.2022 жылға 1002 тн болса, өңделген балық 3518 тонна.

Атап өту қажет, ауданда Еуропа нарығына шығуға мүмкіндік беретін Еврокод белгісі тек екі кәсіпорында бар.

 «Арал балық өңдеу зауыты» және «Арал сервистік дайындау орталығы» ЖШС-гі балық өңдеу зауыттары.

Арал аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің соңғы мәліметі бойынша 2259 тонна балық өнімдері экспортқа шығарылды, оның ішінде (Ресейге – 1380 тн, Польша – 181 тн, Литва – 197 тн, Әзербайджан – 60 тн, Германия – 327 тн, Грузия – 280 тн, Нидерланды – 50 тн, Венгрия – 32 тн, Голландия – 17, Прага – 35 тн аудандағы негізгі экспорттаушы кәсіпорындар «Арал СДО» ЖШС, «Agrofish 2020» ЖШС, «Қарашалаң СДО» ЖШС, ЖК «Караев Жамбыл» ЖК «Кошкарбаев С», ЖК «Мырзагазиев Ж» шығарып отыр.

Қосжар ауылдық округінде орналасқан Қамыстыбас балық питомнигі мен оның Тастақ бөлімшесінде балық өсіруге арналған арнайы инкубациялық цехтары бар. Оның 1-еуі гуманитарлық көмек арқылы Израильден әкелініп құралдарымен жабдықталған. Облыс көлемінде табиғи су айдындарының балық қорын көбейту мақсатында республикалық бюджеттен жыл сайын Кіші Арал теңізіне және Ақшатау көлдер жүйесімен Приморский, Қамыстыбас көлдер жүйесіне осы «Қамыстыбас балық питомнигі» РМКҚ арқылы 14 млн 800 мың дана майда бір жылғы шабақтар және 420 мың екі жылғы шабақтар жіберіліп өсірілуде.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика