Жұма, 22 қараша, 21:24

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордада кәсіпкерлікке бет бұрғандар көп

18.08.2022

409

0

Бүгінде Қызылорда облысындағы елді мекендерде кәсіпкерлікке бет бұрғандар жетерлік. Солардың бірі – Тасбөгет кентінің тұрғыны Молдашова Жанар Маханбетжанқызы. Ол 2015 жылы жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, халыққа қажетті құрылыс тауарлары дүкенін ашты. Бұл іспен айналысқанға дейін ол 10 жылдан астам уақыт бойы туыстарының дүкенінде сатушы болып жұмыс істеген.

Қазір кәсіпкердің дүкенінде арнайы қоспалар, цемент, праймер, гипс, алинекс, бояулар, шелектер, әртүрлі құрылыс құралдары, роликтер, шпательдер, балғалар, шегелер, бұрғылар, бұрағыштар сияқты құрылыс материалдарының барлық түрі даналап сатылады. Бұл жерден кент тұрғындары жұмыс тапқан.

«Құрылыс материалдарына деген сұраныс ешқашан толастамайды. Біреу үй салып жатса, үйі барлар үнемі жөндеу жұмыстарын жүргізіп отырады. Тіпті тұратын жеріне жөндеу жүргізудің қажеті жоқ болса да, күнделікті өмірде шеге, балға, бұрағыш, арба, күрек сияқты ұсақ-түйек заттар үнемі қажет. Сондықтан бәсеке аз жерде құрылыс заттар дүкенін ашу – жеке кәсіпке бет бұрудағы тамаша идея», – дейді Жанар Маханбетжанқызы.

Өткен жылы кәсіпкер тауар ассортиментін арттыру мақсатында «Қазақстан Халық Банкінен» несие алды. Жобаны «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Даму» Қоры қолдап, соның арқасында кәсіпкер қарызды тек 6 пайыз мөлшермен төлейді. Ал айырмасын мемлекет субсидиялайды.

Тасбөгет кентінің тұрғындарына қажетті заттарын осы дүкеннен сатып алған тиімдірек. Өйткені, дүкен тауарлары қол жетімді бағада сатылады.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика