Жексенбі, 24 қараша, 21:00

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Облыс әкімі бастаған делегация Чоллабук-до провинциясында болды

24.05.2023

241

0

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бастаған делегацияның Корея Республикасына іссапары жалғасуда. Іссапардың басты мақсаты – өңірге, өндіріс саласына шетелдік инвестиция тарту, жаңа өндіріс орындарын ашу. Аймаққа озық технологиялар әкелу және тәжірибе алмасу бағыттарында өзара ынтымақтастық орнату.

Облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Чоллабук-до провинциясының губернаторы Ким Гван Ён мырзамен кездесті. Аймақ басшысы өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерін жан-жақты таныстырды. Кореялықтар ұсынылған ақпараттарға қызығушылық танытып, қолдау ниетін білдірді.

Чоллабук-до — күріш өсіру және азық-түлік өндіруден Оңтүстік Кореяның басты ауыл шаруашылығы аймағы.

Облыс басшысы осы саладағы озық инновациялық технологияларды зерттеуге, «ақылды» фермалар құруға, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу бағытында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға аса қызығушылық танытатындығын жеткізді. Сондай-ақ Қызылорда қаласында Корей күріш егу технологиялары мен әдістері зерттелетін демонстрациялық алаң құру ұсынылды.

Жоба аясында арнайы егістік жер бөлініп, кореялық күріш егу әдістері, су үнемдеу технологиялары мен суды мониторингілеу бойынша тәжірибе алмасу көзделуде.

Бастамалардың барлығын жүйелі іске асыру үшін Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы мен Чоллабук-до провинциясының Халықаралық ынтымақтастық орталығы арасында Меморандумға қол қойылды.

Бұл іс-шаралар өзара қарым-қатынастарды дамытуға негіз болады.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика