Бейсенбі, 21 қараша, 20:37

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«Ауыл аманаты»: Жергілікті кәсіпкерлер қандай жобаларды қолға алды?

25.01.2024

415

0

«Ауыл аманаты»: Жергілікті кәсіпкерлер қандай жобаларды қолға алды?

Былтыр Қызылорда облысында «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыруға 3 млрд қаржы бөлінді. Жеңілдетілген несие алуға түскен 660 өтініштің 406-сы оң шешімін тауып, нәтижесінде аймақтағы 107 елді мекеннің тұрғындарына несие берілді. Жергілікті кәсіпкерлер қандай жобаларды қолға алды?

Бесарықтағы «Сыр құсы» құс фермасы

Бесарық ауылындағы «Сыр құсы» ауылшаруашылық кооперативінің құс фермасы өңірдегі ет импортын азайтып, жергілікті халықты өз өнімдерімен қамтамасыз етеді. Бағдарлама бойынша бөлінген 27,6 млн теңгеге 3 шағын типті құс фабрикасы салынып, 4500 бас бройлер балапандары әкелінді. Жоспар бойынша, бройлер әкелінген сәттен бастап 30-55 күн ішінде олардың әрқайсысынан 1,5-2 кг ет алынады. Бүгінгі таңда екі құс фабрикасы толығымен іске қосылды, үшіншісінің құрылысы аяқталып, қажетті құрал-жабдықтар әкелінуде. Өнімді сату мәселесі де шешілді.

1.jpg

«Barly Bai & K»: қызанақ пастасын өндіретін цехта тәулігіне 2 тонна өнім өндіріледі

Бидайкөл ауылындағы «Barly Bai & K» кооперативінің қызанақ пастасын өндіретін цех бар. Өндіріс орнын ашу үшін басшысы Қанат Мұсаев 27,6 млн теңге несие алып, РФ-дан жабдықтар, атап айтқанда, томат пастасы мен консервіленген өнімдерді өндіру желісін сатып алған. Цехтың қуаттылығы — тәулігіне 2 тонна өнім өндіреді деп күтілуде, 2024 жылдың көктемінде іске қосылмақ. Осыған дейін сынама ретінде 25 мың банка томат пастасы, аджика, салат дайындалды. Жақында ғана өнім сапа сертификатын алды, енді тікелей сатуға еркін кірісе алады. Сонымен қатар, жобаны іске асыруға кооператив мүшелері ретінде тұқыммен, көшеттермен, минералдық тыңайтқыштармен қамтамасыз етілетін ауыл тұрғындары тартылды. Олардың өнімдері цехқа тиімді бағамен қабылданады. «Barly Bai & K» басшысы «Байқоңыр ӘКК» АҚ-мен, көтерме сауда дүкендерімен және ірі сауда орталықтарымен келіссөздер жүргізуде. Алдағы уақытта Қанат Мұсаев өз өнімдерін облыстың барлық әлеуметтік дүкендерінде сатуды жоспарлап отыр. Олардың саны өңірде 30-дан асады.

422441489_3604133229859902_3049268560462471274_n.jpg

«HONEYMOOD» кондитерлік цехының өнімдері Шиелі ауданының брендіне айналды

Шиелі ауданындағы «HONEYMOOD» нан-тоқаш және кондитерлік цехының өнімдері ауданның нағыз брендіне айналды. Оның негізін қалаушы Жансая Имантаева 2019 жылы «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша өндірісті іске қосты, ал 2023 жылы істі кеңейту үшін «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысып, несиеге 7 млн теңге алды. Бүгінгі таңда «HONEYMOOD»-қа бір цех пен екі дүкен кіреді. Кәсіпкер «Мансап» орталығында оқуды бітірген жас мамандарды жұмыспен қамтамасыз етеді.

Ауыл аманаты. Какие проекты запустили в Кызылорде 1.jpg

«Мозик» тұз шахтасы: Жеке кәсіпкер 8,6 млн. теңге несие алған

Бағдарлама аясында тек шағын бейінді жобалар ғана қолдау таппайды. Шиелі ауданында жеке кәсіпкер Бибінұр Мүталіпова тұзды бөлме ашты. Ол жергілікті тұрғындарға бронхитті, жүрек ауруларын, невроздарды, демікпені, аллергияны емдеу мен алдын алуға көмектеседі. Сондай-ақ, тұз бөлмесі тыныс алу жолдарын микробтардан қорғайды, ағзадағы зат алмасуды жақсартады, шаршауды азайтады және тері ауруларын емдейді. Бұл бірегей жобаға кәсіпкер 8,6 млн теңге көлемінде шағын несие алды.

Айта кетейік, «Ауыл аманаты» бағдарламасы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес республиканың барлық өңірлерінде жүзеге асырылады және жылдық 2,5%-дан аспайтын номиналды сыйақы мөлшерлемесімен жеңілдікті шарттар бойынша шағын несие беруді қамтамасыз етеді. 2023 жылы бағдарлама арқылы 75,5 млрд теңгеге 12,2 мың шағын несие берілді. Ағымдағы жылы тағы 100 млрд теңге бөлу жоспарланған.

422570892_3604133303193228_2514634853168053706_n.jpg

Фариза ОМАРОВА

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика