Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі макрокөрсеткіштері бойынша оң өсім қалыптасқан. Аймақтың өнеркәсіп өндірісінің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 105,0 пайызға артқан. Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық экономика және қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Фарида Аббасова саладағы оң өзгерістерді баяндады.
– Биыл өңдеу өнеркәсібінде өндірілген өнімнің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 37,5 пайызға артық орындалған. Өсім негізінен резеңке және пластмасса бұйымдарын өндірудің 13,9 пайызға, химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіру 7,7 пайызға, металлургия өндірісінің 148,8 пайызға және жеңіл өнеркәсіп 43,5 пайызға артуы есебінен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, биыл Бірыңғай индустрияландыру картасы аясында облыста 87 жұмыс орындары құрылатын 2 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Олар “Нан-тоқаш кондитерлік, макарондық өнімдер өндіру кешені” және “Күріш ақтау зауытының құрылысы”. Одан бөлек, ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі өткен жылғы осы кезеңнің 104,0 пайызын құрап отыр. Ал, осы жылдың 1 тоқсанындағы жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайыз болып отыр, – деді Фарида Әубәкірқызы.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі