Конкурсқа қатысуға еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері жоғары отбасылар жіберіледі.
Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар тізімі:
- ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
- асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін – жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;
- неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
- Ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі — бар болса;
- Балаларды тәрбиеленгені үшін алған көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін алған көтермелеулердің бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
- балалардың, ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жұмыс (оқу) орнынан анықтамалар және мінездемелер;
- ұсынымдар (әріптестерінің, көршілерінің, достарының);
- отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері.
«Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық конкурсының қалалық және аудандық кезеңдеріне қатысуға ниет білдірген тұлғалар 2025 жылғы 15 мамырдан — 15 маусымға дейін Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктерінің қоғамдық даму бөлімдеріне өтінім береді.
Ескерту:
- қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін (кірген) мүшелері бар;
- бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар конкурсқа қатыса алмайды.