Сейсенбі, 07 қаңтар, 02:40

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Шиелі ауданында ұлттық жоба аясында екі дәрігерлік амбулатория ашылды

03.01.2025

101

0

472241748 898318399156072 5852409419712727108 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Шиелі ауданының «Бестам», Ә.Тәжібаев ауылдарында дәрігерлік амбулатория ашылды. Медициналық мекемелер «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасымен салынған. Рәсімге Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Әбенов, жауапты сала басшылары, қоғам қайраткерлері мен ауыл тұрғындары қатысты.

Аймақ басшысы жиналған қауымды Жаңа жылмен құттықтап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы, құрылыс саласындағы жетістіктерге тоқталды.

«Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауының арқасында қазіргі таңда аймағымыз байыпты бастамалар мен жасампаз жобалардың ордасына айналды. Өткен жылдың қорытындысымен барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша республикада алдыңғы қатардан көріндік. Облысымыздың бюджеті 750 млрд. теңгеден асты, осыдан екі жарым жыл бұрын 364 млрд. теңге болатын. Өсім 206 пайызды құрады.

Бұл ауқымды қаражат тұрғындар көтерген ең өзекті мәселелерді шешуге, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға бағытталды.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Еліміздің басты құндылығы – адам. Бұл – айқын нәрсе. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды.

Медициналық инфрақұрылымды кешенді түрде жақсартуға баса назар аудару керек» деп атап өтіп, бірқатар маңызды міндет жүктеді.

Өткен жылы облыстың денсаулық сақтау саласының бюджеті 146 млрд. 200 млн. теңгеге жетті. Ұлттық жоба аясында барлық ауданда 10 млрд. 200 млн. теңгеге 27 медициналық нысан салынды. Оның ішінде, Шиелі ауданында 3 дәрігерлік амбулатория Досбол би, Бала би, «Бұланбай бауы» ауылдарында бой көтерді.

Тәуелсіздік күні дәрігерлік амбулаториялар «Тартоғай» және «Алмалы» елді мекендерінде ел игілігіне табысталса, бүгін «Ортақшыл», Әбділда Тәжібаев, «Бестам» ауылдарында пайдалануға береміз. Жаңа ғимаратта ауыл тұрғындары сапалы әрі уақытылы бастапқы медициналық қызмет алады деп сенеміз. Егемен еліміздің еңсесі биік, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай! Жаңа 2025 жыл құтты болсын!»,- деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Іске қосылған дәрігерлік амбулаториялар құрылысын «Бақ-Береке» ЖШС сапалы әрі сәулетті етіп салған.

Жиында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев сөз сөйлеп, жиналған жұртшылықты құттықтады. Қызылорда облысының Құрметті азаматы Дайрабай Ысқақов бата беріп, ауданның өсіп-өркендеуі жолында еңбек еткен ардагерлер мен ауылға сән берген әсем ғимараттарды салған құрылысшылар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

472458404 898317989156113 226004
472530750 898318075822771 2184305830615511622 n
472085232 898318219156090 338956255299982003 n
472170885 898318212489424 9092740000296802157 n

Қызылорда облыс әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика