Шиелі ауданында ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұртөре Жүсіп пен Руслан Рүстемов және облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Искаковтың қатысуымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес қабылданған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында МРТ аппараты іске қосылды.

Жалпы құны 649 900 000 теңгенi құрайтын магнитті-резонансты томограф аппараты ендігi жерде күнiне шамамен 20 аудан халқының диагнозын дәл анықтамақ. Инсульт, онкологиялық және тағы да басқа сырқаттарды анықтауда септігін тигізер МРТ аппараты жыл соңына дейін Жаңақорған, Қазалы, Арал аудандарында да ел игілігіне берілетін болады.
Айта кетейік, Шиелі ауданында Ұлттық жоба аясында 8 дәрігерлік амбулатория, 30 төсектік инфекциялық және инсульт бөлімшесі бар ауруханаға қосымша құрылыс салынды. Сондай-ақ, аймақ басшысының қолдауымен 30 санитарлық автокөлік берілді.



