Жұма, 20 ақпан, 20:24

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордада Orhun medical жоғары технологиялық медициналық орталығы ашылды

20.02.2026

14

0

634899239 1211732104481365 5935771773934119460 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қызылордада облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров, Парламент Мәжілісінің депутаттары Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, облыстық мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері және ардагерлердің қатысуымен Orhun medical медициналық орталығының ашылу рәсімі өтті, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Аймақ басшысы өз сөзінде өңірдің денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерге тоқталды.

634909729 1211732054481370 858096896535413791 n

«Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Ұлт саулығы жақсы болса, қоғам орнықты дамиды» деп, салаға әрдайым айрықша көңіл бөліп келеді. Сыр өңірінде тұрғындардың медициналық қызметке қолжетімділігін арттыру, инфрақұрылымды одан әрі жетілдіру шаралары кешенді түрде жүргізілуде.

Бүгін Өздеріңізбен бірге өңіріміз үшін маңызы зор нысан Orhun Medical медициналық орталығының ашылуында бас қостық. Орталықтың негізгі бағыты – позитронды-эмиссиялық және компьютерлік томографияны біріктіретін жоғары технологиялық диагностика.

Құны 4 млрд. теңге болатын бұл жоба онкологиялық ауруларды ерте анықтауға, дерттің таралу деңгейін бағалауға, емдеу тиімділігін бақылауға мүмкіндік береді. Тұрғындарымыз ендігіде Астана, Алматы қалаларына, шетелдерге бармай-ақ, сапалы медициналық қызметтерді жергілікті жерде алады.

Ел игілігіне табысталатын медициналық орталық дәрігерлері келушілерге қызмет етіп, науқастың дертіне дауа, көңіліне рауан беріп, халықтың ықыласына бөленеді деп сенеміз. Жауапкершілігі жоғары салада уақытпен санаспай, күні-түні жасаған қызметтеріңіз табысты, мәртебелеріңіз биік болғай!», – деді Н.Нәлібаев.

Ашылу рәсімінде Ақмарал Әлназарова, Әлібек Қуантыров сөз сөйлеп, сала ардагері Абдулла Шүленбаев бата берді. Аймақтың денсаулық сақтау саласының дамуына үлес қосқан азаматтар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

636071131 1211731964481379 4511884726399685539 n
636914788 1211732007814708 8534208004444543971 n

​Айта кетейік, медициналық орталықтың жылдық жобалық қуаты айтарлықтай жоғары. Мұнда жылына 3 500 позитронды-эмиссиялық және компьютерлік томография зерттеуі жүргізіледі. Сонымен қатар, 16 000 магниттік-резонанстық томография, 20 000 компьютерлік томография, 25 000 рентгенологиялық зерттеу және 10 000 маммография жасауға мүмкіндік бар.

​Қызылорда қаласындағы орталық – Orhun Medical компаниясының Қазақстан өңірлерінде жоғары технологиялық онкологиялық көмекті дамытуға бағытталған жобасының екінші кезеңі. Ұлытау, Түркістан, Ақтөбе тұрғындарына да қызмет көрсетеді. Бірінші кезеңде Ақтау қаласында осындай орталық іске қосылған. Зерттеулер тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында жүргізіледі.

​Бұдан бөлек, медициналық орталықта МРТ, КТ, рентгенография, маммография, ультрадыбыстық диагностика, бейінді мамандардың кеңестері, зертханалық зерттеулер және емшара бөлмелерінің қызметтері халыққа қолжетімді болады.

635588615 1211732221148020 7872624976503197837 n
default
640065670 1211731871148055 4394727865682719894 n
637182282 1211732091148033 8202798405386350020 n
638845329 1211732241148018 2446391719869511790 n

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика