Жұма, 22 қараша, 07:32

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордада дәрігерлерге облыс әкімінің гранты бөлінді

17.11.2023

367

0

doctor

ФОТО: vuzopedia.ru

Қызылорда облыстық денсаулық сақтау саласы «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» Ұлттық жобасы аясында жұмыс атқаруда. Жобаның басты мақсаты – халыққа сапалы және қолжетімді денсаулық сақтауды қамтамасыз ету. Бұған қоса, 2025 жылға азаматтардың өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін және медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасына халықтың қанағаттану деңгейі 80%-ға дейін арттыру көзделіп отыр. 

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Искаков айтты.

«Күтілетін өмір сүру ұзақтығына әсер ететін көрсеткіштер осы жылдың 9 айының қорытындысымен жалпы өлім-жітім көрсеткіші 3,4%-ға, ана өлімі көрсеткіші 4,8 есеге, сәби өлімі көрсеткіші 21%, туберкулезден болатын өлім-жітім көрсеткіші 66%-ға төмендеп отыр. 2023 жылдың 1 қыркүйегіне облыстағы бастапқы медициналық санитариялық көмек көрсету ұйымдарына 817 600 тұрғын тіркелген. Оның ішінде 82,4% мемлекеттік медициналық ұйымдарға тіркелген болса, 17,6% жеке медициналық ұйымдарға тіркелген. Тұрғындарға 25 стационарлық, 26 амбулаториялық-емханалық 100 дәрігерлік амбулатория, 25 фельдшерлік акушерлік бекет, 97 медициналық бекет, алыс шалғай елді мекендердегі халыққа 6 жылжымалы медициналық кешен ұйымдастырылған», — деді Олжас Ермекұлы.

Қазіргі таңда, аймақта 2860 дәрігер, 10 721 орта буынды мамандар және 2785 басқа да мамандар қызмет көрсетеді. Айта кету керек, 2016 жылдан бастап өңірге аса қажетті медицина мамандықтар бойынша 131 резидентке облыс әкімінің гранты тағайындалды. Бүгінде 82 жас түлек емдеу ұйымдарында қызмет атқаруда. Биыл үрдіс жалғасын тауып, өңірімізде тапшылығы бар нефролог, радиолог, ревматолог мамандықтарына облыс әкімінің 24 гранты бөлінді.

Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика