Топ-баннер2

Сейсенбі, 10 наурыз, 14:15

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы тағайындалды

10.03.2026

12

0

649189458 1226366013017974 5295857609040209978 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен кадрлық өзгерістерге орай мәжіліс өтті. Жиында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімі негізінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымына тағайындалған Әбілпатта Алмас Әбдіғаппарұлы таныстырылды, деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Нұрлыбек Машбекұлы денсаулық сақтау басқармасы басшысының жұмысына сәттілік тілеп, бірқатар тапсырма жүктеді.

«Ана мен сәби өлімі, қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім көрсеткішін төмендетудегі жұмыстар жүйелі жүргізілуі тиіс. Тұрғындарды профилактикалық, оның ішінде онкологиялық және жұқпалы емес ауруларға тұрақты тексеріп, алдын алу шараларын күшейту керек. Саланы цифрландырып, қағазбастылықты азайтуды тапсырамын. Алмас Әбдіғаппарұлының тәжірибесіне сүйеніп, халықтың медициналық қызметке қолжетімділігін арттыруда аянбай еңбек етеді деп сенім артамыз», –деді Н.Нәлібаев.

648581429 1226366016351307 8598918767753977441 n

Алмас Әбілпатта 1987 жылы дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде «Емдеу ісі» мамандығы бойынша білім алған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Денсаулық сақтаудағы іскерлік әкімшілендіру» магистрі. Еңбек жолын облыстық медицина орталығында қабылдау бөлімшесінің хирург-дәрігері ретінде бастаған. Әр жылдары облыстық көпбейінді аурухананың хирург-дәрігері, бас дәрігердің хирургия жөніндегі орынбасары болып еңбек еткен. 2023 жылдан осы кезге дейін Шиелі аудандық көпбейінді орталық ауруханасының бас дәрігері қызметін атқарып келді.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика