Бейсенбі, 16 қаңтар, 18:38

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Облыстағы елді мекендер санитарлық автокөлікпен толық қамтылған

16.01.2025

33

0

Олжас Искаков
Фото: Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бүгінде облыста медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. Мәселен, былтыр жергілікті бюджет есебінен 590 дәрігер мен 738 орта буын медицина қызметкері білімін жетілдірсе, 40-тан астам маман шет елдік дәрігерлерден тәжірибе жинаған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Искаков айтты.

– Өткен жылы өңірімізге 57 жас маман жұмысқа орналасса, олардың 40,3 пайызы елді мекендерге жолданды. Өздеріңіз білесіздер, медициналық көмектің сапасына кадрлардың қажеттілігі де айтарлықтай әсер етеді. Мамандар тапшылығын азайту мақсатында аймақта кешенді іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі таңда медицина ұйымдары өз қаражаты есебінен жоғары медициналық оқу орындарында 6 резидентті оқытуда. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдан бастап «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Жобаның мақсаты – ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсете отырып, дені сау ұлт қалыптастыру. 2024 жылы облыста 20 денсаулық сақтау нысандарының құрылысы жүргізілді. Сондай-ақ, жақын арада Ұлттық жоба аясында Арал ауданында 25 төсек орынға арналған Арал көпбейінді аудандық орталық ауруханасының инфекциялық бөлімшесінің құрылысы мен 46 төсек орынға арналған аурухананың қосымша құрылысы басталады. Одан бөлек, Жаңақорған көпбейінді аудандық орталық ауруханасының қосымша құрылысы және Қазалы көпбейінді аудандық орталық ауруханасының қосымша құрылысы да жуырда басталатын болады. Жергілікті бюджет есебінен биыл Қарауылтөбе елді мекеніне де жаңадан дәрігерлік амбулатория салынады. Тағы бір айта кететін маңызды жайт, аймақ бойынша барлық елді мекендердегі денсаулық сақтау ұйымдарына 200 дана санитарлық автокөлік алынып, ауылдық жерлерді санитарлық автокөлікпен қамту мәселесі толық өз шешімін тапты,- деді Олжас Ермекұлы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

oblystaghy eldi mekender sanitarlyq avtokoelikpen tolyq qamtylghan
Фото: Нұрболат Нұржаубай

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика