Сейсенбі, 01 шiлде, 06:40

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Медициналық мекеме ғимараттарының құрылысымен танысты

26.06.2025

190

0

511273011 1024162033238374 62938
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Аралға жұмыс сапары кезінде көпбейінді аудандық орталық аурухана ғимаратын жаңғырту жұмыстарымен, «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында қолға алынған жапсаржай құрылысымен танысты.

510332711 1024162053238372 65379

Аурухана ғимаратын «СМП Қызылорда» серіктестігі қайта жаңғыртуда. Бас жобалаушысы «Мекен және Компания», ал техникалық қадағалауды «Шебер Құрылысшы» серіктестігі қамтамасыз етеді.

Екі қабатты ғимаратта 21 төсектік инсульт, 21 төсектік кардиология бөлімі, сондай-ақ МРТ және КТ кабинеттері қарастырылған. Бұл бөлімшелер тұрғындарға сапалы және жедел медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Қазір нысанның қабырғасы қалануда. Құрылыс сәуір айында басталған. Жоспар бойынша 8 айда аяқталуы тиіс.

Әрі қарай облыс әкімі жапсаржайдағы жұмыс қарқынын көрді. Құрылыс «Иман» ЖШС мердігерлігімен, «БС Строй Холдинг» ЖШС жобалауымен, «СК Энерго-OIL» серіктестігінің техникалық қадағалауымен жүргізілуде. Қыркүйек айының соңына дейін пайдалануға берілмек. Ғимарат 25 төсектік инфекциялық бөлімшеге арналған. Мұнда жұқпалы ауру жұқтырған науқастарды оқшаулап емдеуге барлық жағдай жасалады.

Бүгінде іргетасы құйылуда, жұмыс барысы кестеге сай.

513902094 1024161929905051 56552
514093340 1024161926571718 40411

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика