2024 жылдың сәуір айында Қызылорда медициналық жоғары колледжі Латвия мемлекетіндегі Рига медициналық колледжімен Евроодақ деңгейіндегі меморандумға қол қойған болатын. Меморандум аясында ағымдағы жылдың 2-шi желтоқсанында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Искаков, көпбейінді облыстық аурухананың бас дәрігері Жасұлан Баймаханов және Қызылорда медициналық жоғары колледжінiң директоры Жанар Қалмақова Латвия елінде өткен халықаралық конференцияға қатысты.
Конференцияда колледж директоры Жанар Амангелдіқызы Словакия, Молдавия, Болгария т.б. елдердің медицина мамандары алдында баяндама жасады. Сондай-ақ, іс-сапар барысында аймақтың бас дәрігері Олжас Ермекұлы бастаған конференцияға қатысушылар медициналық білім мен тәжірибе алмасу мақсатында Латвияның емдеу мекемелерінде болып, одан әрі Латвия Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдерімен кездестi. Кездесуде бiлiм беру саласындағы медицина қызметкерлерінің одан әрі ынтымақтастығын талқылаумен катар, өзге де маңызды жоспарларға келiсiм жасалды.
Меморандум аясында оқу жылының ІІ-шi жартыжылдығында медицина колледжінің білім алушылары академиялық ұтқырлық мақсатында Рига медициналық колледжінде оқуларын жалғастырмақ.
2024 жылдың сәуір айында Қызылорда медициналық жоғары колледжі Латвия мемлекетіндегі Рига медициналық колледжімен Евроодақ деңгейіндегі меморандумға қол қойған болатын. Меморандум аясында ағымдағы жылдың 2-шi желтоқсанында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Искаков Олжас Ермекұлы, көпбейінді облыстық аурухананың бас дәрігері Баймаханов Жасұлан Болатбекұлы және Қызылорда медициналық жоғары колледжінiң директоры Қалмақова Жанар Амангелдіқызы Латвия елінде өткен халықаралық конференцияға қатысты.
Конференцияда колледж директоры Жанар Амангелдіқызы Словакия, Молдавия, Болгария т.б. елдердің медицина мамандары алдында баяндама жасады.
Сондай-ақ, іс-сапар барысында аймақтың бас дәрігері Олжас Ермекұлы бастаған конференцияға қатысушылар медициналық білім мен тәжірибе алмасу мақсатында Латвияның емдеу мекемелерінде болып, одан әрі Латвия Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдерімен кездестi. Кездесуде бiлiм беру саласындағы медицина қызметкерлерінің одан әрі ынтымақтастығын талқылаумен катар, өзге де маңызды жоспарларға келiсiм жасалды.
Меморандум аясында оқу жылының ІІ-шi жартыжылдығында медицина колледжінің білім алушылары академиялық ұтқырлық мақсатында Рига медициналық колледжінде оқуларын жалғастырмақ.
Дереккөз: Kyzylorda-news.kz