Дүйсенбі, 30 наурыз, 23:25

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Көпбейінді облыстық ауруханасында ситуациялық орталық ашылды

30.03.2026

7

0

657390022 4706904929536091 130165458206434612 n
Фото: Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Қызылорда облыстық көпбейінді ауруханасында заманауи ситуациялық орталық ашылып, жасанды интеллект негізінде радиологиялық-ақпараттық жүйе жобасы іске қосылды, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Бұл бастама өңірдегі денсаулық сақтау саласын цифрландыруға бағытталған маңызды қадам болып саналады.

658167649 4706904826202768 7924297052863632345 n

Жоба аясында ТМД елдерінде теңдесі жоқ жүйе құрылып, 27 медициналық нысан бірыңғай ақпараттық платформаға біріктірілді. Нәтижесінде радиологиялық зерттеулер орталықтандырылып, диагностиканың сапасы мен жеделдігі айтарлықтай артпақ.

Әлеуметтік маңызы бар ауруларды ерте анықтау және олардың алдын алу, қатерлі ісікпен күресті күшейту, бюджет қаражатын тиімді пайдалану және радиологиялық қызметтердің сапасын арттыру мақсатында ашылған жоба DigitalEL тізіміне енгізіліп, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тарапынан ұсынылған. Бұл оны Қазақстандағы медицина саласын цифрландырудағы үздік жобалардың бірі ретінде айқындайды.

662803143 4706905066202744 5537966201855368411 n

Аталған жобаға ПАКС (PACS) жүйесі енгізіліп, x-Eye Mammo, Toraks, Ribout Pneumonia секілді жасанды интеллект шешімдері қолданылуда. Бұл технологиялар медициналық кескіндерді жоғары дәлдікпен талдауға мүмкіндік береді.

Жобаға облыстық онкология орталығы мен облыстық фтизиопульмонология орталығы қамтылған. Медициналық мекемелер заманауи құрал-жабдықтармен толықтырылды: 57 жұмыс станциясы мен дербес компьютер, әр дәрігерге арналған UPS және принтерлер, 28 жоғары ажыратымдылықтағы медициналық монитор, сондай-ақ Agfa 15X цифрландырғышымен жабдықталған 7 рентген аппараты іске қосылды. Бұдан бөлек, цифрландырғыш құрылғыларға 13 лицензия орнатылды.

Жасанды интеллектті енгізудің нәтижесінде ісіктерді 1 мм көлемінен бастап анықтау мүмкіндігі пайда болды. Сонымен қатар, қашықтан диагностика жүргізу жолға қойылып, адами фактор әсері 95 пайызға дейін төмендеді. Бұл уақыт пен ресурстарды тиімді пайдалануға жол ашады.

Жоба шеңберінде цифрлық мұрағат қалыптастырылып, пленкасыз технология енгізілді. Нәтижесінде жылына 300 млн. теңгеге дейін үнемдеу мүмкіндігі туындап, зерттеу сапасы артып, клиникалық есеп жүргізу жүйесі жеңілдетілді.

Ситуациялық орталықтың ашылуы – өңір тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызмет сапасын жаңа деңгейге көтеретін маңызды қадам болмақ.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика