Жұма, 20 ақпан, 20:23

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Денсаулық сақтау министрі «Қамқорлық» ерте араласу орталығының жұмысымен танысты

19.02.2026

16

0

633896923 1211515011169741 105822980687277931 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, Парламент Мәжілісінің депутаттары Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов «Қамқорлық» ерте араласу орталығының және жұқпалы аурулар ауруханасының жұмысымен танысты, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Аймақта жыл сайын шамамен 20 мың нәресте дүниеге келеді, ал 18 жасқа дейінгі балалар саны 322 мыңға жетеді. Балаларды оңалту қызметінің қолжетімділігін арттыру мақсатында 2022 жылы «Қамқорлық» орталығы ашылған болатын. Оған жергілікті бюджеттен 205,6 млн теңге бөлінді, ал «Самұрық-Қазына» АҚ және «Қамқорлық» қорынан қаралған 103,4 млн теңгеге құрал-жабдықтар алынып, мамандар біліктілігін арттырды.

637277101 1211515071169735 5588277461191856119 n

Орталық ашылған төрт жыл ішінде 6 000-ға жуық бала оңалту қызметін алды. Қозғалу, сөйлеу дағдыларын дамытып, әлеуметтік бейімделудің маңызды кезеңдерін сәтті аяқтады. Мұнда балаларға медициналық және педагогикалық көмек көрсетіледі. Атап айтқанда, медициналық оңалту, емдік дене шынықтыру, физиотерапия, логопедиялық және дефектологиялық қолдау, сондай-ақ еңбек терапиясы.

Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы 2024 жылы кешенді күрделі жөндеуден өтіп, өткен жылдың соңында толықтай пайдалануға берілді. Күрделі жөндеуге жергілікті бюджеттен 1,6 млрд теңге қаралды. Бүгінде жаңартылған бөлімшелер пациенттер мен медицина қызметкерлерінің жоғары бағасын алуда. Соңғы үш жылда аурухананың материалдық-техникалық базасын нығайтуға 590 840 153 теңге қаржы бөлінген, 49 млн теңгеге 2 автокөлік сатып алынды.

Өткен жылы клиникалық фармакология және госпитальдық фармация бөлімшесі ашылып, заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Алдағы уақытта физиотерапиялық емдеу бөлімшесін іске қосу және медицина қызметкерлерінің шетелде біліктілігін арттыру жоспарланған.

636796622 1211515167836392 6401820895040230867 n
635366904 1211515121169730 7378105711972958673 n
635506889 1211515201169722 8092367078080083904 n

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика