Сәрсенбі, 29 қаңтар, 04:07

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Байқоңыр қаласының көпбейінді ауруханасына компьютерлік томография аппараты алынды

24.01.2025

87

0

Тамография аппараты алынды01
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Байқоңыр қаласының көпбейінді ауруханасына облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының тапсырмасына сәйкес 405 млн. теңгенiң компьютерлік томография аппараты алынды. Жаңа жабдық халыққа сапалы медициналық көмек көрсету жұмысын жандандыра түспек.

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі, облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Искаков және Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгин Байқоңыр қаласының көпбейінді ауруханасындағы компьютерлік томография аппараты кабинетiнiң ашылуына қатысып, ұжымға тілектестік білдірді.

Аурухананың бас дәрігерi Сұлтан Кенжебаев пациенттерге сапалы медициналық қызмет көрсету деңгейін жоғарылатудағы жұмыстарды, алдағы жоспарларды атап өтті.

Айта кету керек, өткен жылы аурухананың материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 300,0 млн. теңгеге 1 сандық-маммографиялық жүйе, 1 стационарлық-цифрлық рентгендік флюорография, 10 науқас мониторы, 1 ЛОР комбайн, 10 дефибрилятор, 1 анестезиялық тыныс алу аппараты, 2 функционалды керует сатып алынды. Оған қоса құны 98,0 млн. теңге болатын 5 санитарлық автокөлікпен қамтамасыз етілді.

Жаңадан іске қосылған аппараттар ауруды ерте анықтау, емдеу ісіне тың серпін беріп, қызмет сапасын жақсартады.

tamografija apparaty alyndy02
tamografija apparaty alyndy03

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика