Жұма, 23 қаңтар, 04:09

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Арал аудандық көпбейінді орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесі ашылды

22.01.2026

22

0

616563735 1188233493497893 8686648407332656529 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Парламент Сенатының депутаты Наурызбай Байқадамов, облыс прокуроры Ризабек Ожаров, пен облыстық мәслихаттың төрағасы Мұрат Тілеумбетов, «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ вице-президенті Серік Қожаниязов,зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер Арал аудандық көпбейінді орталық ауруханасының 25 төсектік жұқпалы аурулар бөлімшесінің ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Аймақ басшысы саладағы жаңашылдықтарға, халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартуда атқарылған жұмыстарға тоқталды.

617028390 1188233716831204 5497038286752749249 n

«Президентіміз «Денсаулық сақтау жүйесін дамыту, ең алдымен, азаматтардың әл-ауқатын көтеруге бағытталған. Өйткені медицинаның деңгейі мен қолжетімділігі – еліміздегі өмір сапасының негізгі көрсеткіші», – деген болатын.

Мемлекет басшымыздың тапсырмасымен, Үкіметтің қолдауымен денсаулық сақтау саласын дамытуға, халықтың медициналық қызметтерге қолжетімділігін арттыруға бағытталған кешенді шаралар нәтижелі жүзеге асуда.

Ұлт саулығы – мемлекетіміздің негізгі капиталы десек, баға жетпес қазынаны қызғыштай қорып жүрген медицина саласы қызметкерлерінің адал ісін жоғары бағалаймыз, әрдайым құрметпен қараймыз.

Ел игілігіне табысталатын жұқпалы аурулар бөлімінің жаңа ғимараты, ондағы дәрігерлер науқастың дертіне дауа, көңіліне рауан беріп, халық ықыласына бөленеді деп сенеміз», – деді Н.Нәлібаев.

Салтанатты жиында ауданның өсіп-өркендеуіне үлес қосқан медицина саласының қызметкерлері менмердігер мекеменің құрылысшылары облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Наурызбай Байқадамов, Ризабек Ожаров құттықтау сөз сөйлеп, жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.

618459050 1188233816831194 1516390370016362145 n

Жұқпалы аурулар бөлімшесінің құрылысы қайтарылған активтер есебінен 2,3 млрд теңгеге қаржыландырылды. Оған қоса аудандық аурухана жанынан «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында кардиология және инсульт бөлімшелері орналасқан қосымша құрылыс аяқталып, халық игілігіне берілді. Оған да қайтарылған активтер есебінен 2,1 млрд теңге бөлінді.

Кейінгі уақытта 206 млн теңгеге құрал-жабдықтар алынып, аурухананың материалдық-техникалық базасы нығайтылды. Енді аудан тұрғындары облыс орталығына немесе басқа қалаларға сабылмай, сырқаттанғандарға мамандандырылған көмек көрсету үшін ашылған жергілікті жердегі бөлімшеде толыққанды ем алады.

619910778 1188233790164530 2236376989381980251 n

Айта кетейік, соңғы үш жылда облыстың денсаулық сақтау саласына 450 млрд. 100 млн. теңге қаржы бөлініп, халықтың сұранысына сәйкес түйткілді мәселелер шешімін тауып келеді. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында барлық ауданда 28 медициналық нысан салынды.

Қызылорда қаласында 300 орындық көпбейінді аурухана бой көтеруде, 4 аудандағы орталық ауруханалар жанынан қосымша ғимараттар ашылды.

Өткен жылы Шиелі ауданында жұқпалы аурулар бөлімшесінің жаңа ғимараты ел игілігіне табысталған болатын. Қызылорда қаласынан 200 орындық перинаталдық орталық пен 500 орындық емхана салуға Үкімет тиісті қаулы қабылдады. Жақын күндері құрылысы басталады. Бұдан бөлек, 400 орындық емхананың да іргетасы қаланады.

Тұрғындар сұранысына сәйкес соңғы екі жылда жергілікті бюджет қаржысына 225 жаңа санитарлық автокөлік, 45 жедел жәрдем көлігі алынып, пайдалануға берілді. Барлық елді мекендегі денсаулық сақтау мекемелері арнайы қызметтік автокөлікпен 100 пайыз қамтамасыз етілді.

Кейінгі жылдары 24 медициналық нысан күрделі жөндеуден өткізілді, 15 млрд. теңгеге медициналық құрал-жабдықтар сатып алынды. Жабдықталу деңгейі 2022 жылы 83,2 пайыз болса, бүгінде бұл көрсеткіш 90,2 пайызға жетті.

616561222 1188233730164536 8992729816310285558 n
617535943 1188233486831227 2666543686619836608 n

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика