Бейсенбі, 25 желтоқсан, 12:44

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Аймақ басшысы орталық аурухана жанындағы қосымша ғимаратты көрді

24.12.2025

8

0

602334120 1167121688942407 37747
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қазалы ауданына жұмыс сапары кезінде орталық ауруханаға жапсарлас салынған 42 төсектік қосымша ғимараттың жұмысымен танысты.

Аталған жоба Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында қолға алынған. Ол бойынша 42 төсектік кардиология және инсульт орталығының құрылысы толық аяқталып, пайдалануға берілді. Құрылысты «СМП-Қызылорда», «Мекен и Компания», «АрхДизайнСтройИнжиниринг» серіктестіктері жүргізген.

Ғимараттағы 42 төсек қорының 21-і кардиологиялық, 21-і инсульт бағытында жасақталып, аурухананың жалпы төсек қоры 196-дан 238-ге дейін ұлғайды. Толығымен қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылды.

601874806 1167121768942399 31597719099641863 n

Алдағы уақытта мұнда аудан тұрғындары үшін аса өзекті болып келген МРТ құрылғысы орнатылып, мамандар біліктілігін арттыру көзделген. Бұдан бұрын облыс әкімінің жеке қабылдауына келген Қазалы ауданы Әйтеке би кентінің тұрғыны аурухананы компьютерлік томограф аппаратымен қамтамасыз ету мәселесін көтерген болатын. Биыл жергілікті бюджет есебінен 326,7 млн теңгеге «Philips» маркалы, 64 срезді компьютерлік томограф сатып алынды. Қазіргі уақытта КТ орналасатын бөлме дайындалуда.

Аймақта «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 10 млрд 763 млн теңгеге 27 медициналық нысан салынып, бүгінде тұрғындарға қызмет көрсетіп келеді.

603073626 1167121848942391 6190073276070712605 n
600360700 1167121672275742 6618230791793869210 n
601985959 1167121815609061 1444942641698457149 n

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика