Сенбі, 17 қаңтар, 18:48

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Аймақ басшысы Orhun Medical орталығының жұмысымен танысты

17.01.2026

9

0

599690822 1184270610560848 5586909163893539235 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Orhun Medical компаниясы жаңа медициналық орталығының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімнің баспасөз қызметі.

Орталықтың негізгі бағыты – позитронды-эмиссиялық томография мен компьютерлік томографияны біріктіретін жоғары технологиялық диагностика. Бұл онкологиялық ауруларды ерте анықтауға, дерттің таралу деңгейін бағалауға және емдеу тиімділігін бақылауға мүмкіндік береді.

Аталған диагностикалық қызметті алу үшін өңір тұрғындары Алматы және Астана қалаларына баратын. Енді бұл қызмет тұрғылықты жері бойынша көрсетіледі. Медициналық орталықтың жобалық қуаты жылына 3 500 ПЭТ/КТ, 16 000 магниттік-резонанстық томография, 20 000 компьютерлік томография, 25 000 рентгенологиялық зерттеу және 10 000 маммография жүргізуге есептелген.

Қызылорда қаласындағы орталықтың ашылуы Orhun Medical компаниясының Қазақстан өңірлерінде жоғары технологиялық онкологиялық көмекті дамытуға бағытталған жобасының екінші кезеңі болып саналады. Ұлытау, Түркістан, Ақтөбе тұрғындарына да қызмет етеді. Бірінші кезеңде Ақтау қаласында осындай орталық іске қосылған. Зерттеулер тегін мемлекеттік кепілдендірілген көлемі аясында жүргізіледі.

Бұдан бөлек, медициналық орталықта халыққа МРТ, КТ, рентгенография, маммография, ультрадыбыстық диагностика, бейінді мамандардың кеңестері, зертханалық зерттеулер және емшара бөлмелерінің қызметтері қолжетімді болады.

Орталық ақпан айында ашылады деп жоспарлануда.

616433812 1184270800560829 3899803526973529483 n
615213490 1184270673894175 9221458412828160236 n
614907743 1184270807227495 6618116555447642567 n
615818672 1184270707227505 7016150247130992481 n

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика