Жұма, 23 қаңтар, 04:09

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Аймақ басшысы ауруханаға жапсарлас салынған жаңа ғимаратты көрді

22.01.2026

22

0

617600989 1188247433496499 488836237413400820 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Наурызбай Байқадамов, облыс прокуроры Ризабек Ожаров пен облыстық мәслихаттың төрағасы, «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ вице-президенті Серік Қожаниязов Арал аудандық ауруханасына жапсарлас салынған 51 төсектік ғимаратты көріп, жұмысымен танысты, деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

618301094 1188247516829824 9049188643208458082 n

Ғимарат құрылысын «Ұлт саулығын нығайту» ұлттық бастамасы аясында қайтарылған активтер есебінен бөлінген 2,3 млрд теңге қаржыға «Иман» серіктестігі салды. Жаңа нысанда 17 төсектік нейро-инсульт және 34 төсектік кардиология бөлімшелері жұмыс істейді.

617776586 1188247430163166 6410090490798513408 n

Алдағы уақытта орталықты заманауи медициналық құрал-жабдықтармен, атап айтқанда,магниттік-резонанстық томография және ангиограф қондырғыларымен жабдықтау жоспарланған. Бұл бөлімшелер аудан тұрғындарының Ақтөбе және Қызылорда қалаларына бармай-ақ, жергілікті жерде жоғары деңгейлі медициналық тексеруден өтуіне, ем алуына мүмкіндік береді.

616504610 1188247483496494 6395159387117369505 n
618300811 1188247520163157 5137143032842498662 n

Айта кетейік, Арал ауданындағы инфрақұрылымдық жобаларға және әлеуметтік нысандар салуға бюджеттен 38 млрд 740 млн теңге қаржы бөлінді. «Келешек мектебі», «Руханият орталығы», «Қамқорлық» оңалту орталығы, 150 пәтерлік 75 тұрғын үй, теміржол үстінен өтетін көпір пайдалануға берілді.

Сексеуіл кенті табиғи газ желісіне қосылып, мұнда да 300 орындық «Келешек мектебі» мен 40 төсектік аурухана іске қосылды. Тоқабай ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория, демеушілердің қолдауымен апатты жағдайдағы мектептің орнына 500 млн теңгегежаңа білім ошағы салынды. Жақында елді мекен таза ауыз сумен қамтылды.

Ақшатау ауылында 60 орындық жаңа мектеп шәкірттерін қабылдады. Ақбасты, Ерімбетжаға және Тастүбек ауылдарына орталықтандырылған ауыз су желісі тартылды. Ал Абай ауылы тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жақын күндері толық аяқталады.

Шижаға елді мекеніне де табиғи газ келді, Қамыстыбас ауылында 6 млрд 300 млн теңге қаржыға автоматтандырылған газ тарату стансасы іске қосылды. Аталған станса арқылы Арал ауданына қарасты 18 елді мекендегі 15 мыңға жуық тұрғынды көгілдір отынмен қамтуға мүмкіндік бар.

Жыл басында Мергенсай ауылында құрылысына 2 млрд 333 млн теңге қаржы бөлінген 150 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, «Қазақстан Темір жолы» ұлттық компаниясының қолдауымен аудан аумағындағы теміржол вокзалдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика